Білікті маман – ел мақтанышы

“Әр дәуірдің өсіп – өркендеуіне адал еңбек еткен адам ғана қайраткер. Әр кез халық мүддесін өзінің қара басының мүддесінен жоғары қойған,халықтың қорғаны болған және ұлт мүддесі үшін күресе білген адам ғана қайраткер”, – дейді данышпан ғұлама бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби. Колледж директорының оқу өндірісі жөніндегі орынбасары Серік Алиасқарұлы Байсұбанов студенттердің сапалы білім алуын қамтамасыз етіп жас мамандарға көмек беруде,өз тәжірибесін үйретуден жалыққан емес.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында «Дені сау ұрпақ – еліміздің болашағы» тақырыбында ұйымдастырған «дөңгелек үстел» жоғары деңгейде өтті. Серік Алиасқарұлы өте еңбекқор өз білгенін жас мамандарға үйретуден жалықпай адамгершіліктің қарапайымдылық қағидасымен  ұжымға сыйлы рухы жоғары білікті маман. Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты ұжыммен бірлесе отырып өз жұмысын жоғары деңгейде жүргізіп отыр. Серик Алиасқарұлының бір басында тектілікті, ірілік пен іскерлікті асқақтатар сан қасиеттер тоғысқан, есімі жақсылар мен жайсаңдардың қатарында аталып жүр.

Ол Шелек ауылында 1961 жылы наурыздың 1 жұлдызында өмірге келген. Мектепті жақсы аяқтап, Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтының механизация факультетіне оқуға түсіп, оны 1982 жылы жақсы бітірді. Сол жылы еңбек жолын №96 кәсіптік училищеден (қазіргі политехникалық колледж) бастады. 1983-1995 жылдары «Қызыл жиде» кеңшарында шеберхана меңгерушісі және бас инженер, бөлімше меңгерушісі, 2001-2006 жылдары Бауыржан Момышұлы атындағы отра мектепте еңбекке баулу пәнінен сабақ берді.

Жоғары кәсіби дәрежесімен, жұмыстағы жауапкершілігі және басшылық қызметтегі қағидашылдығы, төзімділігіні мен еткен еңбегі елеусіз қалған жоқ. 2015 жылдан бері өзінің білікті маман екенінің дәлелдеді. Әр салада мамандығы бойынша қызмет атқарған Серік Алиасқарұлы қазіргі таңда алғаш қызмет жолын бастаған политехникалық колледжіне келіп ага шеберден  директордың оқу-өндірісі ісі жөніндегі орынбасары дәрежесіне дейін көтерілді.

Серік Алиасқарұлының әлі де алатын белестері алда. 2019 жылы «Жылдың ең үздік директордың орынбасары» төсбелгісімен, алғыс хатпен марапталып, республикалық  жинаққа өмірбаяны енді. 2020  жылы  «Үздік педагог 2020»  байқауына қатысып бірінші дәрежелі дипломды жеңіп алды. Колледждің жеткен жетістіктеріне бей-жай қарамайтын білікті маман облыстық білім басқармасы ұйымдастырған «Мамандығым мақтанышы» атты байқауға «Электромонтер» мамандығы бойынша біздің колледж қатысып, бас жүлдені иеленді.

Қазіргі кезде елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты ұжыммен бірлесе отырып жұмысын жоғары деңгейде жүргізіп отыр. Шелек политехникалық колледжі республикамызда бастама алған «Жас маман» жобасының қатысушыларының бірі, бұл жобаның мақсаты колледждің базасын заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіп,кәсіби мамандарды дайындаудағы халықаралық тәжірибелік пайдаланып енгізу болып есептеледі. Осы мақсатта жоба бойынша біздің колледжге 2021 жылы жабдықтар сатып алу үшін 300 млн.тенге қаражат бөлініп ағымдағы жылдың соңына дейін игерілу жоспарланып отыр.

Жоба бойынша қыруар жұмыстар, іс-шараларды жоспарлау үшін «Жас маман» жобасының жол картасы даярланып жатыр. Отбасыңның алтын қазығы болған Серік Алиасқарұлы жан жары Шолпанмен екеуі Айнур, Назым, Балнур атты қылықты қыздарды  тәрбиеледі.  Қазіргі кезде Айнұры – дәрігер, Назым – қаржы маманы, педагог кенже қызы Балнұры – Шет тілдер университетінің (Абылай хан атындағы) студенті. Жас ұрпақты тәрбиелеуде тәжірибелері мен өмірлік ұстанымдары жоғары азамат Серік Алиасқарұлы асыл жар,аяулы әке немерелерінің сүйікті атасы биылғы наурыз айының басында асқаралы алпыс жасқа толды. 

Серік Алиасқарұлының  мерейлі жасқа келсе де, тірлікте тұғырынан таймай, әлі де талай асуларды табандылықпен алып, келер қиындықтарды қажырлықпен жеңіп, алға қойған мақсаттарына  сүрінбей жете беретініне кәміл сенеміз. Серік Алиасқарұлы!Алпыстың асуынан асып, жетпіске аяқ бассаңыз да,  елге етер еңбегіңіз, келер ұрпаққа берер тәліміңіз алдағы уақытта жалғасын табары сөзсіз.

Абыройың асқақтап,
Орындалсын арман-тілек ойыңыз.
Әулетіңнің құрметіне бөленіп,
Әрқашанда биік төрде болыңыз!
Құтты болсын қуанышты күніңіз,
Бақытты боп шаттық өмір сүріңіз.
Алпыстың да асқарына жеттіңіз,
Енді жүзге құлаш сермеп шығыңыз!

Қуат Қурманғалиұлы ДУЙСЕБАЕВ,
Шелек политехникалық колледжінің
директоры, Алматы облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий