Ізденіс іздері

Білімдінің сөзі – ем,
Мейірімі көп, өзі кең!, – дейді қазақтың ағартушы ақыны Мағжан Жұмабаев. Бүгінгі күні қоғамдық сұраныс пен мемлекеттік тапсырыс күн сайын жаңа деңгейге сай өзгерісті талап ететіні белгілі. Бұл – заңдылық. Қазіргі кеззде ғаламдық ғылыми –технологиялық прогрес адамдардың ойлауын, санасын динамикалық тұрғыдан дамытуда, өткен күннің дағдыларымен, ескі көзқарастарымен жаңа заман адамын тәрбиелеу мүмкін еместігін түсінетін уақыт келгені даусыз.

Кәсіптік білім беруде біздің колледждің инженер педагогтары жаңартылған білім беру аясында кәсіби қарым – қатынасты кеңейтуде. «Тәжірибе негізі – ғылым,даналық негізі – білім», – демекші колледж ұжымының оқытушылары мен топ шеберлері жаңалықты меңгеруге, жаңа үрдіске бағытталып, оқу мен оқыту сапасын жоғары деңгейге көтеруге ұмтылып, білім сапасын арттыру мақсатында вебинар, ашық сабақ, шеберлік сцыныптары сияқты түрлі шаралар ұтымды  ұйымдастырылуда. Арнайы пән оқытушысы С.Ашимов аспаз мамандығы бойынша өткізген ашық сабақтарында зертханалық әдіс пен тәсілдерді ұтымды қолданып, болашақ мамандарды шығармашылық ізденіске жетелеудегі кәсіби қолтаңбасымен ерекшеленді.

Заманауи өзгерістерге толы  қазіргі уақытта  бірінші курс бойынша кәсіби мамандық алатын бесінші топтың білімгерлеріне педагогикалық процесті сапалы ұйымдастыруға, кәсіби білім бағытында оқытудың тиімділігін арттыру-басты назарда тұр.  Алғашқы курс білімгерлері үшін колледж ауласымен дәліздерінде, оқу кабинеттерінде санитарлық талаптарға сай сақтандыру белгілері жасалған. Теориялық білім мен өмірлік ұстанымды, заманауи құралдармен ақпараттық технологияларды оқытудың жаңаша жүйесі арқылы білім беру ресурстарын күнделікті сабақта ұтымды пайдаланғанда  ғана білім сапасы артатыны белгілі.

Қазіргі жаһандану заманы әрбір оқытушы мен өндірістік оқыту шеберлерінен шыдамдылық пен ой-өресінің биіктігін көрсетуді, заманауи жаңалықтарға дайын болуды, бәсекеге қабілеттілігін талап етеді. “Білім қалар артыңда, ғұмыр сырғып жоғалар”, – деген Махмұд Қашқаридың даналығына сүйенсек, бүгінде ізденіске толы игі істерге белсене қатысып, тәрбие мен оқыту сапасын жақсарту-әрбір педагогтің міндеті. «Білікті бір айтар, бір айтса да, нық айтар», – дегендей, колледж білімгерлері қазіргі оқыту үрдісіндегі өз қабілетін таныту мақсатында пәндік олимпиадаларға белсене қатысуда. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған республикалық байқауда жеңімпаз атанды.

Колледж қабырғасында бүгінгі білімгер – ертеңгі жас маман. Сондықтан жас ұрпаққа жан-жақты әрі терең білімді, интеллектуальдық деңгейі жоғары ойы мен сөзі кемелді адам тәрбиелеу – жас маманның қолында. Колледждің жас мамандары  А. Сәлімбай, А. Каримова оқу үрдісінде өз тәжірибелерін жетілдіруге үнемі көңіл бөледі. Қашықтан оқыту кезеңінде білімгерлермен ара қашықтықты жақындатып, кәсіби білім беруде зор жауапкершілік жүгін арқалап, жас мамандардың шыңдалып, тәжірибе жинақтауына ұтымды ықпал ету арқылы ұрпақ тәрбиесінде ел игілігі жолында жемісті еңбекпен танылған білікті басшы, колледж директоры Қ. Дуйсебаевқа ұжымның алғысы шексіз!

Нұргүл Едігеевна БОКАЕВА,
Шелек политехникалық колледжі
директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары,
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий