Бәсекеге бастайтын білім берудеміз

Еліміздің білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламаларын орта мектептерге ендіріп, пән мұғалімдерінің біліктілігін арттырып, білім беру саласына бір жаңа серпін берді. Білім шекарасын ашып, әлемдік үздік педагогикалық тәжірибелерді отандық ұстаздармен бөлісу – ескіліктің құшағынан шыға алмай, әйткенмен жаңашылдыққа аңсары ауған педагогтердің бүкіл санасын дүр сілкіндіріп, бәсекеге қабілетті ете бастады.

Білім саласындағы жаңа тренд елдің түкпір-түкпіріне жетіп, біздің облысты да айналып өтпеді. Маңғыстау аудандық білім бөлімінің №7 мектеп-лицейі жетекші мектеп болып жұмысын бастағалы мектебімізде айтарлықтай өзгерістер болды. Жетекші мектеп ретінде өзімізге талап қойып, серіктес мектепке деген жауапкершілігіміз арта түсті. Мектеп мұғалімдері өзі үйреніп қана қоймай, әріптестеріне үйретуді, тәжірибемен бөлісуді мақсат етті. Негізгі басымдықты желілік қоғамдастықта серіктес мектеп мұғалімдері бір-бірімен тәжірибе алмасып, тығыз байланыс орнауына баса назар аударамыз.

Жетекші мектеп ретінде серіктес мектептерге каскадты оқыту жүйесінде семинарлар, вебинарлар, байқаулар, мектепішілік курстардан дәрістер ұйымдастырып келеміз. Ортақ проблемалары бар, бір сыныпқа сабақ беретін мұғалімдерден фокус-топтар құрып, «Lesson study» зерттеу сабақтарын жүргізу жолға қойылды. «Lesson study» зерттеу сабақтары арқылы оқушылардың білім алуына көмектесу мен топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ететін мұғалімдердің желілік қоғамдастығы аясында іске асырылуы қажет.

Мақсатты зерттеулер нәтижесінде оқушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратындай етіп жоспарлауды үйрену; «Білім шыңы» тәсілі арқылы оқуда өзін-өзі әділ бағалауына; жеке жұмыста «Kahoot» әдісі арқылы белсенділігінің артуына мүмкіндік берді. Осындай бірлескен жұмыстардың барысы мен нәтижесі біздің мектебіміздің өркендеуіне, білім сапасының көтерілуіне, табысты оқытуға бастар жол болды.

Жәния Болатқызы ҚАБЫЛҚАНОВА,
7 мектеп-лицейінің директоры,
Маңғыстау облысындағы Маңғыстау
ауданының Шетпе селосы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий