Айшани Даттатрея: Абайдың әндерін ерекше жақсы көремін

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Айшани Даттатрея қазақ әндерін ерекше жақсы көреді. Қазақ жерінде туып өскен үнді қызы әсіресе ұлы Абайдың өлеңдеріне жазылған музыкалық әуендерді сүйсініп шырқайды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

– Менің музыка әлеміне деген қызығушылығым ерекше. Көп жағдайда орыс, украин, ағылшын, француз, хинди және қазақ тіліндегі әндерді орындаймын. Ең ұнайтыны – қазақ халқының композициялары. Олар өте әуенді және терең мағынасы бар. Жақсы істерге, өмірге қуануға және бір-бірімізді сыйлауға шақырады. Сырға толы бұл әуендер өте бай және әдемі. Сондықтан қазақ өнерін көпшілікке насихаттауға өз септігімді тигізгім келеді.

Айшани Даттатрея көпұлтты отбасында дүниеге келген. Анасы – қазақ, ал әкесі үнді ұлтының өкілі. Алматыда бір-бірін кезектірген ата-аналары бүгінде бірлігі жарасқан елде 18 жылдан астам уақыт тату-тәтті өмір сүруде. – Қазақтар өте кеңжүректі, бауырмал халық. Ынтымағы жарасқан елдің бір бөлігі болғаныма қуанамын, – деп бөлісті Айшанидың әкесі Халлимайсор Даттатрея.

Көпұлтты жанұяның барлық мүшелері өнерге жақын. Үлкендері де вокалмен айналысса, балалары музыкалық аспаптың шебері. Дегенмен Даттарея отбасындағы басты қағида – білімге ерекше ден қою. Бүгінде Айшани мен ағасы Раджив өңірдегі Зияткерлік мектептің озат оқушылары. Келешекте Айшани ғылымның сырын ашып, атақты биолог ғалым болуды армандайды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий