Наурыз кездесулері: NIS оқушылары қоқыс жинайтын робот жасады

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің дәстүрлі Наурыз кездесулері «Планета және пластик: адамзат экомәдениеті» тақырыбында  жер шары тазалығы мен жасыл-желекті болашағына қатысты жаһандық мәселелерге арналды. Оқушылар қоқысты өздігінен сұрыптап жинайтын роботтың прототипін жасап, қолданысқа енгізуді көздейді, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Алғаш рет NIS тарихында қашықтан өткен Х мерейтойлық Наурыз кездесулерінде  дәстүрлі байқаудың орнына тақырыптық вебинарлар мен тренингтер әзірленді, ал экоботтарды құрастыру бойынша PhD доктор, қауымдастырылған профессор, мехатроника, бағдарламалау және машинажасау саласындағы сарапшы Азамат Ешмұхаметовтың жетекшілігімен өткен командалық жұмыс бағдарламаның басты шарасы болды.

Біз үшін Наурыз кездесулерінің ең қызықты әрі жауапты кезеңі – экоробот жасау болды. Алдымен сызбасын компьютерде әзірледік. Ал практикалық тұрғыдан роботтың прототипі құрастырылды. Жұмыс барысында Arduino платасы арқылы роботтың негізгі бөлшектерін іске қосып, арнайы 3D-принтер көмегімен сыртқы бөлігін басып шығардық, – дейді ақтөбелік зияткер Нұршат Жұбаныш.

Қазақстандық және шетелдік ғалым-спикерлердің басын біріктірген кездесуге өңірдегі жалпы білім беретін мектеп оқушылары да қатысты. Олардың пікірінше, қоршаған орта мәселесі – адамзат үшін өте өзекті. Биылғы Наурыз кездесулері экосауаттылықты арттырып қана қоймай, қатысушыларға серпіліс берді. Әлемдік деңгейдегі мәселелердің шешімін тауып, қоғамға пайда келтіру – біз үшін үлкен мәртебе, – деп бөлісті қатысушы Ақбота Қожаниязова.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий