Рухани жаңғыру: Болашақтың дара жолы

Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы қазіргі уақытта ерекше талқылауға ие. Себебі бұл ұстаным біз үшін халықтық дәстүрлерімізге бет бұрып, ұлттық даму жолына түсудің дара жолы сынды. Рухани жаңғыру кезінде ең алдымен біз елін, жерін, халқын шын сүйетін ұрпақ тәрбелейміз десек, алдымен тарихи санамызды жаңғыртып алуымыз керек.

Біздің жас ұрпақ алдымен осы елдің, осы кең байтақ жердің қалай иеленгенін, қанша қан төгілгенін, мұндай даланы ата-бабаларымыз қалай сақтап қалғанын, хандарымыз бен билеріміздің қалай күрескенін білуі керек. Ішкі руханиятымыз арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, жаңғырудың даңғыл жолына түсуге көшбасшымыз болашақ мына бізге нақты жол көрсетті. Ендеше, көкжиектен ауытқымай, ұлт көшбасшысының өскелең ұрпаққа меңзеген дара жолымен биік шыңдарды бағындырайық.

Рухани жаңғыру тұсында «Туған жер» бағдарламасының да маңыздылығы арта түскені сөзсіз. Қазақ елінің әр өңіріндегі сайы мен қыры, тауы мен жотасы, даласы мен қаласы терең тарихтан сыр шертеді. Ал, ел жастары олардың әр бірінен хабардар болуы тиіс. Себебі, өз тарихына терең бойлай алған ұрпақ қана Отанына адал, жауапкершілігі жоғары азамат болып өседі. Сонда ғана біз ұлт болып рухани жаңғыра аламыз.

Жастардың рухы биіктеп, бәсекеге қабілеттілігі артып, өнері өрлеп, білімді, кеңпейіл жастар арасында қоғам құра алсақ, онда рухани жаңғырғанымызды еліміздің әрбір азаматы сезіне алады. Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті заманға сай қалыпты өмір сүру үшін түбегейлі өзгере білгеніміз жөн.

Аманкуль Орынбаевна ЕСМЫРЗАЕВА,
“Өрлеу” ПҚБАИ Жамбыл облысы бойынша
ЖжГПОӘ  кафедрасының аға оқытушысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий