“Елбасы медалімен” марапатталған дарынды оқушылар мақтанышымыз
Елімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «El Umiti» бастамасы аясында әзірленген «Елбасы медалі» жобасы басталған болатын. Жоба туралы айта кетсек, «Елбасы медалі» – жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарлама жеті негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған.

Екібастұз қаласындағы облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей-интернатының оқушылары да аталған шараға қатысып, өз қабілеттерін сынады. Яғни, үміткерлеріміз 6 ай бойы жеті бағыт бойынша тапсырма орындап, білім мен шеберліктерін жетілдірді. Жоба соныңда спортпен шұғылдану, өнерге бет бұру, төл мұраны дәріптеу, қайырымдылық жасау мен кітап оқудан сынақ тапсырып, тиісті медальдеріне ие болды.
Атап айтқанда: 8-сынып оқушылары: Жунусбеков Дамир Ермекұлы; Серік Тоқтар Амангелдіұлы; Арсен Тимурұлы. 9-сынып оқушылары: Базарбаев Азамат Ғалымұлы; Баударбеков Ескендір Дамирұлы; Қайдаров Амир Айбекұлы; Қайратов Батырхан Серікұлы; Кенжебек Нурсайд Қанатұлы; Мәдениет Әділ Қайратұлы; Сайлау Бекжан Маратұлы. 10-сынып оқушылары: Қадырхан Нұржан Сейілұлы; Мысанов Арғын Жанатұлы тұңғыш рет өткен ауқымды жобада жоғары көрсеткіш көрсетіп, қола медальдарымен марапатталды.

Жоба жетекшілері, қатысушылармызға бағыт беріп, ұйымдастырған Бидебаев Рахат Жеткергенұлы, Мынбаев Олжас Мынбайұлы, Ахметов Нұралы Жүнісұлы, Бектан Досбол Ергешбайұлына алғыс айтамыз! Оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі күні жоба іске асырылып, жалғасын табуда. Жобаға қатысып жатқан барша Қазақстандық жастарға сәттілік тілейміз! Тәрбиелік мәні зор, бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеуде жобаның алар орны ерекше. Жеті басым бағытты қамтитын бұл жоба жеті мақсатқа қол жеткізіп, оқушылардың бойындағы рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтып, уақытын тиімді пайдалануға, әрі алға қойған мақсатқа жүйелі түрде жетуге үйретеді.
Н. АМАНТАЙ,
Облыстық көп салалы дарынды балаларға
арналған көптілді лицей-интернатының
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, Павлодар облысы