Қазақ тілі мен әдебиеті: Жаңа технологияларды қолдану

Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, шәкіртердің талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Баланы жан-жақты жетілдіруде үлкен танымдық баспалдақтарына жетелер дағды – машықтарды қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, оны меңгеру, өз біліктілігін арттыру. Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр ұстаздың өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты.

Оқу мен тәрбие негізі – сабақ. Жаңа әдістерді пайдалануы – бүгінгі күннің талабы. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдердің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, дамыту, терең білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру болып отыр.

Олай болса, оқыту процесінің нәтижелі болуы ұстаздың сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызғылықты жүргізіп, зейін қойдыра білуіне, оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты. Қандай да болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір оқушының өз бетімен оқып үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасай алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттырады. Жаңа әдіс-тәсілдерді мән-мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз анық.

Мен көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлемін. Шәкірт бірлесіп үйренуде кішігірім топтармен, жұппен жұмыс жасауда ортақ проблемаларды талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарау тұрғысында жаңалықтар ашу барысында жұмыс істейді. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып сол ойларды көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады.

Бірлесіп жұмыс жасағанда мына жайттарды есте ұстаймын: сыйластық; жауапкершілік; топтың барлық мүшелерінің кезепен сөйлеу дағдысын үйрету; сөйлесуде әлеуметтік қарым – қатынас жасау, дағдыларын қалыптастыру; топта ұтымды жұмыс істеу. Өз ойларын ашық айтуға жетелеу. Өздерін және өзгені бағалау. Мұғалімдердің, оқушылардың топ ішінде сөйлеуін бақылау және қажет кезде кірісіп сөйлеп кету; бірлесіп жұмыс жасауда қол жеткізген жетістіктерім: оқушының ең алдымен есте ұстау қабілетінің жоғарлауы; жиі-жиі ой талқасын жасау және терең түсінікпен ойлаудың дамуы арқылы оқушыны сөйлету.

Және сабақта өз бетімен бақылаусыз отырғаннан гөрі оқушынының жұмыс басты болуы; бір нәрсеге үйрету мәнді түрде қызығушылығын оянуы; бірлесіп жұмыс жасау кезінде топ мүшелерінің жынысына, қабілетіне, әлеуметтік жағдайына қарамай олардың бір – біріне дұрыс көзқараспен қарап, ойларын түсінеді. Оқушылар жұмыс жасау барысында бір – біріне көмектесіп, ойларын ортаға салады, ынталарына күш – қуат бере отырып, өздерінің білім алуын көтермелейді, оқуға, жазуға, тыңдауға, сөйлеуге кең мүмкіндіктер беретін ортада оқушыны өз пікірлерін еркін жеткізуге жағдайлар жасайды.

Сабақ үстінде жан – жақты сұрақ қоюда да мұғалім мүмкіндігінше барлық оқушының жауап беруін қамтамасыз етуі керек. Сұрақ қоюдың қарапайым түрінен терең ойлауға дейінгі түрлері бар екендігі белгілі. Ал ұстаздың мақсаты- оқушының ойлау сатысы ең төменгі деңгейден жоғары терең ойлау деңгейі түсінуден басталады. Одан кейін қолдану, анализ, синтезге дейін жоғарлайды. Жаңаша жаңғыртып оқыту, интерактив әдістер, жаңа технологиялар тіл үйренушінің танымдық, білімдік белсенділігін тудыруға, уәждемесін тудыруға бағытталған.

Бірақ бұның бәрі оқытушының  шеберлігіне байланысты, оқытушы  үнемі ізденісте болуы қажет. Мұғалім жұмысты ұйымдастыра білуі қажет: мақсат қою, жұмысты жоспарлау, тапсырманы бөлу, оқушының әрекетін бақылау және бағалау, мұғалім шәкірттердің кеңесшісі болады. Жұмысты ұйымдастырып, топқа бөліп, әр топқа тақырып беріп, оларды талқылау көзделеді. Келесі әр шәкіртке жеке-жеке тапсырма  беру, одан кейін жұптық тапсырмаға әр түрлі тапсырмалар беруге болады. Соңында бүкіл топ өз жұмыстарының нәтижесін талқылайды, бір-бірін бағалайды.

Қорыта айтқанда, жаңа әдіс арқылы бүгінгі күні білім беру жүйесінде оқушылардың  шығармашылық әрекетін дамытуға, олардың оқу еңбегіне деген жағымды мотивациясын қалыптастыру үшін, тиімді инновациялық шешімнің бірі сабақта тиімді әдіс пен тәсілдерді, жұмыс түрлерін қолдану ұстаздың біліктілігі мен әдістемелік шеберлігіне байланысты. Қазіргі таңда қазақ тілінің мәртебесін көтеруде, өз ойын, пікірін ауызша және жазбаша тілде көркем де анық, нақты етіп бере білу жолында жаңа технологияларды қолдану көмегін көптеп тигізері анық.

Бүгінгі өмірін бала оқытып, білім беруге бел байлаған әр ұстаздың жандүниесі сенім ен тілектің шуағымен нұрлана түспек деп ойлаймын. Қашан да білімді ұрпақ – баянды болашағымыздың кепілі. Тәуелсіз еліміздің тағдыры – жас ұрпақтың қолында болса, ұрпақтың тағдыры-бүгінгі ұстаздардың қолында.

Назигуль Бахытовна ЖЕНСИКБАЕВА,
№178 мамандандырылған лицейдің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Алматы қаласының Алатау ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий