ТжКБ: Кәсіби құзыреттіліктегі тәжірибе   

Қазақстанның қазіргі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне кірігудің жолдарын белсенді түрде іздестіріп, тиімді тәжірибелерді қолданысқа енгізуде.  Білім беру саласындағы заманауи маман даярлаудың әдістемелік негізі құзыреттілікке негізделген тәсіл. Құзыреттілік – түсінігі 1960-1970 жылдардағы шетел әдебиетінде, ал 1980 жылдарда отандық әдебиеттерде кездеседі.

Құзыреттілік мәселесін және болашақ педагогтардың шығармашылық әлеуетін, кәсіби құзыреттілігін қалыптастырып дамыту мен шыңдауда отандық ғалымдар Ж. Намазбаева, Б. Тұрғынбаева, М. Абасатова, Б. Кенжебеков және тағы да басқа зреттеушілер жиі қалам тартты. Техникалық және кәсіптік білім беру саласына енгізілген модульдік-құзыреттілікке негізделген білім беру бағдарламасы оқу нәтижесіне бағытталынып, кәсіпқой, заман ағымына тез бейімделетін мамандарды қалыптастыруды көздейді.

Осы тұрғыда педагог мамандардың тәжірибедегі ізденісі жылдан жылға артып, іс-тәжірибе алмасу шаралары қашықтан оқыту форматында  да толастаған емес. Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы былтыр «Жалын» үздік педагогтер ассоциациясын құрып, 2013 жылдан бері республикалық «Үздік педагог» атағын иеленген оқытушылардың тәжірибесін насихаттау мақсатында арнайы жұмыс жоспарын жасаған болатын. Ағымдағы оқу жылында ассоциация мүшелері үздік тәжірибелерімен бөлісіп, ашық сабақ, шебер-класс, әдістемелік шараларды ұйымдастырды.

Алматы экономикалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Гүлсая Жеткізгенқызы ақпан айында ұйымдастырған шеберлік сыныбы барысында қазіргі инновациялық нан өнімдерін дайындау технологиясының бес түрін көрсетті: нан тағамы; фин бидай наны; дәнді плюш; сұлы наны және қышқыл нан. Оқытушы ұстаздың педагогикалық іс-тәжірибесінен байқағанымыз проблемаларды шешудің жаңа ақпараттық ресурстарын өндірісте қолданудың мүмкіндіктерін әлеуметтік серіктестермен бірлесе көрсетті. Жұмыс барысында халықаралық «Worldskills» стандартының элементтерін пайдаланудың жолдары да ұсынылды.

Білім алушыларға мамандықты барынша талапқа сай игертуде оқу бағдарламасына енгізілген жаңашылдық, соның ішінде пән негізінде игерілетін тақырыптар мен модульдер, коммуникативті құзыреттілікті жетілдірудің жолдары, кәсіби шараларға білім алушыларды сабақ барысында дайындаудың мүмкіндіктері нақты тәжірибенің қорытындысы негізінде көрсетілді. Гүлсая Жеткізгенқызы нарық талаптарына сай келетін мамандардың кәсіби шеберлігін күнделікті сабақ барысында дамытып, кәсіпорын базасынан өтетін тәжірибелік машықтануға дайын күйінде шығарып, сыни көзқарастарды түсіне алуға, психо-физиологиялық және моральдық құзыреттіліктерді бойларына жинақтауға барынша ықпал ететінін көрдік.

Шебер-класс барысында жасалған өнімдер күнделікті нарықта үлкен сұранысқа ие. Сондықтан да, ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай цифрлық технологияларды, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдайтын маман білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыра білген. Жоғарыдағы келтірілген анықтамаларға, ақпараттар мен мәлімдемелерге негізделе отырып, «кәсіби құзыреттілікті шыңдаудағы ізденіс пен тәжірибе маманның білім беру мекемесінің негізгі мақсаттарына сәйкес, білім мен тәрбие беруді жалпы адамзаттық құндылық ретінде бағдарға ала отырып, өзіндік кәсіби дамуын ұжымда әрекеттесе білу қабілеттері жиынтығы деп тұжырымдаймыз.

Бұл тұрғыда педагог кәсіби құзыреттілігін «Ақсай нан – тоқаш комбинаты» ЖШС, «Royal Tulip Almaty» мейманханасы, ««Leipurin» нан өнімдерін дайындау фин компаниясы, «Беккер и К» сияқты тағы да басқа әлеуетті кәсіпорын базасынан жетілдіріп, әлеуметтік серіктестіктің бағыттарын барынша дамытып отырғанына куә болдық. Педагогтердің үздік тәжірибесі арқылы алдағы жұмысымызға үлкен ой туындататын маңызы зор іс шаралардың берер мүмкіндігі қашан да мол.  

Гульнар Оразалиновна ЖАКУПБЕКОВА,
Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және
жаңа технологиялар колледжінің әдіскері,
Алматы облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий