Жаңашылдық – заман талабы

Білім саласында күн сайын заманауи үлгідегі өзгерістер орын алуда. Жаңашылдыққа жаны құмар ұстаздардың да мәртебесі биіктеп, еңбегі еленетіні сөзсіз. Сондықтан да бүгінгі уақыттың үдерісіне ілесіп отыру білікті ұстаздың басты міндеті. Еліміздегі білім беруді дамытудың инновациялық кезеңі – ұстаз бен шәкірттің бірлесе отырып, зерттеу жұмыстары арқылы  жаңалықты ашып, оны өмір қолданысына енгізуі қазіргі кездің негізгі кредосы.

Сондықтан заманауи тәсілдің ерекшелігіне атаулы жобалардың да қосар нәтижелі үлесі зор деген ойдамын. Біздің білім ордасындағы ұстаздар мен шәкірттер үздіксіз ізденіс пен тынымсыз еңбекті қажет ететін креативті жоба түрлерімен  жүйелі жұмыс жасап, нақты нәтижеге жетуде. Білім мен дағдыны тең дәрежеде қолданып, ортақ ұстанымға келетін мұғалім, ата-ана, оқушының құзіреттілігін танытатын, еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа, алғырлыққа  жетелейтіні даусыз.

Жаңаша жобалардың  бірі –  «Бір отбасы – бір кітап» отбасылық акциясы аясында ұйымдастырылған жанұялық оқу. Рухани аакцияның  нәтижелі болуы біз үшін үлкен жеңістің бірі болды. Шара барысында қашықтан оқуға қарамастан, сынып жетекші, ата-ана, оқушылардың арасындағы қарым-қатынас нығая түсті. Отбасылық әдеби кітап оқу науқанында белсенділік танытып, облыстық байқауда жүлделі екінші орынға ие болған Ерғалиевтар отбасы топжарған болатын.

Инновациялық оқу үрдісін арттыруда функционалдық сауаттылықтың оқушы үшін де, мұғалім үшін де орны ерекше екенін атап өткім келеді. Бұл бағыт бойынша «Зейін» жобасының атқарған қызметі пәндік апталықтар мен тақырыптық байқаулардың өз дәрежесінде жоспарланған уақытқа сай өткізілуі. Жоба апталықтары креативті түрде инновациялық әдіс-тәсілдердің шоғырланғанын көрсететін сабақтар мен кештердің жинақтамасы секілді әсер етті.

Мұнда да үш таған – ата-ана, мұғалім, оқушының бірлескен жұмыс нәтижесі көрсетіліп, оқушылардың ой ұшқырлығы айқындала түсті. Жетекші мектеп ретінде жаңашылдықты таратуға тиімді болған жобалардың бірі – «Өнегелі өмір» жоспарға сай, қаладағы өнерлі, өнегелі жандармен кездесу күндері белгіленіп, бірде қашықтан, бірде жүзбе-жүз кездесу түрлері ұйымдастырылды. Педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігі мен оқушылардың білім деңгейін көтеру мақсатында жүзеге асқан іс-шаралардың бірі «Бірге оқимыз» жобасы.

Нақтылап айтқанда, білім беру, оқу мен оқытудың қазіргі замандағы әдістері негізінде зерттеуші  ұстаздардың озық тәжірибесі воркшоп тұрғыда ZOOM платформасы арқылы таратылды. Тәжірибелі мұғалімдеріміз: А. Сарсенбаева, М. Хизирова, Г. Касымова, Г. Қонысбекова, Э. Наркулова пән сабақтарын көрсетті. блыстық дәрежеде өз тәжірибесін бөліскен орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ф. Артықмұратоваға өте жақсы лебіздер айтылды.

Жаңашылдықтың барлық құндылықтарын игере білетіндіктен, мұғалімдер мен оқушылар арнайы мектеп платформасына ұйымдастырылған интеллектуалдық байқауларға қатысып, облыстық, республикалық дәрежедегі жүлделі орындарға ие болуда. Мектеп – біліммен қатар талантты оқушыларды да тәрбиелейтін орта. Демек, мектептегі  бала дарынын, қабілетін шыңдайтын да жобалар қажет-ақ. Соған орай, шәкірттеріміздің ақындық қабілетін ашып, талантын өрбітуде «Жас ақындар мектебі» жобасының да үлесі зор екендігіне күмән жоқ.

Өйткені, қалалық, облыстық байқауларда елеулі орындарға ие болып жатқан жас ақындарымыз бар. Заман талабына сай өзгерістерді жаңашылықтың талабынан байқаймыз. Ал, оқу үрдісіндегі жаңашылдық – өзгерістерден  идея туындатып, мектептің қарқындап өсуіне оң ықпалын тигізері сөзсіз.

Панар Айдархановна ЖҰМАХАНОВА,
№1 жалпы білім беретін мектептің
директоры, Қарағанды облысы, Приозерск қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий