Кадастр ісі: Жетістіктері мен болашағы

Қазақстан Республикасы мол жер ресурстарын иеленіп отыр. Біркелкі мемлекеттік жер қоры 272,5 млн. құрайды. Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерлерінің және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналасқан жері нысаналы пайдаланылу мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуымен жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады.

Жер кадастры арнайы дайындықты және білімді талап ететін күрделі шара. Жер -адамның өмір сүру ортасы, өсімдік және мал шаруашылығы өнімін өндірудің ең басты құралы, елді мекендердің тұрағы және өнеркәсіптік құрылыстарды, байланыс көліктерін орналастыру негізі, сондай-ақ табиғат байлығының қоймасы. Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде, мемлекет немесе мемлекетті жер пайдаланушылықтар жалға берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын, жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Бұл ретте жер учаскелерін пайдалану төлемақысының ставкалары жер салығы ставкаларының мөлшерінен төмен белгіленбейді. Жалдау құқығын сату төлемақысы нақты жер учаскесінің кадастрлық бағалау құнына қарай сараланып белгіленеді. Нақты жер учаскесінің кадастрлық бағалау құнын жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган мемлекеттің жеке меншікке өтеулі негізде беретін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына сәйкес оған түзету коэффициенттерін қолдана отырып белгілейді және жер учаскесінің кадастрлық бағалау құнын айқындау актісімен рәсімдейді.

Жер сапасы дегеніміз-шаруашылықтың өнімділігінің ең басты негізгі факторы. Сондықтан шаруа қожалығының құжаттарының басты бөлігіне топырақтың құнарлы сатысы, балл бонитетімен көрсетілуі керек. Осы екі фактор арқылы жер өнімділігін, өнім көлемін анықтауға және жоғары өнім алуға болады. Негізгі топтама балл бонитеті мен егістік көлемінің орташа салмағын қарастыруды қадағалау болады. Жерге орналастыру іс-қимылдарына осылармен қатар топографиялық, геодезиялық, картографиялық, топырақ геоботанткалық және басқа да зерттеу іздестіру жұмыстары жер кадастры мен жер мониторингін жүргізу кадастрлық және тақырыптық карталар мен атластарды жасау жерді бағалау жұмыстарын орындау жатады.

Мемлекеттік меншіктегі жерлерден берілетін жер учаскелеріне жер-кадастр істерін Мемлекеттік корпорация облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтер әкімдерінің шешімдері, Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген құзыретіне сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы бекіткен жерге құқықтық беру туралы жерге орналастыру жобасы және жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар негізінде жүргізеді.

Сонымен, қазіргі уақытта жер кадастрының міндеттері кең және жауапкершілікті. Олар Қазақстан Республикасының жер қорларын ұтымды және нәтижелі пайдалану мемлекеттің және барлық жер пайдаланушылардың мүдделіктерін айқындайды. Бұл мемлекеттік Қазақстан халық шарушылықтық маңызғы ие екенін айғақтайды.

Гүлбану Іздібайқызы ЕСБОЛАЙ,
Yessenov University аға оқытушысы,
магистр, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий