Кәсіподақ: Салауатты демалыста біргеміз!

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы жариялаған 2021 жыл – кәсіподақтың бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы аясында, сондай-ақ еңбек етушілер арасында салауатты өмір салты мен белсенді демалысты насихаттау мақсатында жуырда федерациясы кубогына еңбек ұжымдары арасында жыл сайын өтетін мұз асты балық аулау бойынша жарыс Бұқар Жырау ауданының Чкалов су қоймасында ұйымдастырылды.  

Қатысушылар – облыстағы салалық кәсіподақтардың бастауыш ұйымдары. Біздің жергілікті филиалдың атынан бақ сынаған үш топ белсенділігімен танылды. Қасым Аманжолов атындағы орта мектептің педагогтары – Ерден Баготанов, Даурен Берикболов, Кульзира Беспаева, №78 жалпы орта білім беретін мектептің директоры  Александр Мяленко, кәсіподақ төрайымы Вероника Анненкова, мектеп қызметкері Федор Сазонов және №5 мектептің педагогтары Берік Абдикаримов, Сапар Жаңбырбаев, Александр Овчаров. Жарыстың барлық жүлдегерлері мен аталым иегерлеріне бағалы сыйлықтар табысталды.

Марапаттау рәсімінде “Индустриальная Караганда” газетінің бас редакторы Владимир Рыжков Қасым Аманжолов атындағы мектеп командасының еңбегін айрықша атап айтып, өзінің атынан жек сыйлық ұсынды. “Мисс рыбачка” аталымы бойынша Қарағанды қаласындағы №78 орта мектептің кәсіподақ комитетінің төрайымы Вероника Анненкова жеңімпаз атанды. Жарыс аяқталғаннан кейін жиналғандаржы жарыс ұйымдастырушылары дәмді балық сорпасы мен шәй және ыстық бауырсаққа толы дастарханға шақырды. Ұмытылмас іс-шараны қолға алған аймақтық кәсіподақ орталығы жанындағы “Келешек” жастар орталығына алғысымызды білдіреміз.

Асель ХАСЕНОВА,
Қазақстандық салалық білім және
ғылым қызметкерлерінің Қарағанды
облыстық ұйымының “Қазыбек би
аудандық кәсіподақ комитеті” филиалы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий