Балаларға балқоржын

Рухани  жаңғыру  аясында  2019  жылы  Алматы  облысының  әкімі  Амандық Баталовтың  қолдауымен «Жетісу  кітапханасы»  сериясы  бойынша балаларға  арналған «40  ертегі,  100  жұмбақ,  100 жаңылтпаш,  100  санамақ,  100  өтірік  өлең,  100  тақпақ»  атты  кітабым  жарыққа шықты. 

Ұсынылып  отырған  кітап  2019  жылы  500  дана  болып  басылып  шықты.  Облыс  бойынша  барлық  аудан  кітапханаларына  таратылып,  балалармен  таныстырылды. Балаларға  арналған  кітап  жас  ерекшеліктеріне  сай  жазылған. Кітаптағы  алты  тақырыптың  мазмұны  бір-біріне  ұқсамаса  да,  балаға  деген жалпы  ізеттілікті,  патриоттық  тәрбиені  ұқтыруға  арналған  шығарамалар.

Балалардың өмірдегі алға  қойған  мақсаттарына жетуіне талпыныс беруге икемдейді. Жас ерекшелігіне сай балалардың психологиясына  жақсы  әсер  ететіндей  қызықты  да  әсерлі  туындылар. Ертегілердің  мазмұнына сәйкес түрлі-түсті  суреттері қойылған. Осы шығармаларым балабақша,  бастауыш,  орта  буын,  және  қазақ  орыс  сыныптарына  арналған. Оқу, жаттау,  санау  арқылы  баланың   ойы  мен  тілін  дамытады. 

40  ертегі  балаларды  сиқырлы  әлеммен  таныстырып,  қиял-ғажайыпқа  жетелейді. Ертегілердегі  кейіпкерлер:  адамдар,  аңдар,  құстар,  өсімдіктермен  жалпы  табиғатты  кездестіруге  болады. Қырық  ертегінің  өзіне  сай  түрлі-түсті  суреттері  бар. Жақсы  мен  жаманды  ажыратып, қиындықпен  күресе  білуге  тәрбиелейді. 100  жаңылтпаш  шағын  түрінде жазылған  шығарма. Әр  жолдағы  сөздердің  ұқсас  айтылуы  болса  да,  мағынасы  әр  түрлі  болып  келеді. Бұндағы  әр  сөздің  мен  мағынасын  ажыратып,  әсіресе  қазақ  тіліне  тән  дыбыстарды  қатесіз  айтуға  үйретеді. 

100  жұмбақ  жасырын  түрінде  жазылған  шағын  шығармалар.  Жұмбақ балалардың  тез  ойланып,  қатесіз  жауабын  табу  арқылы дұрыс  шешім  қабылдауға  үйретеді.  100  санамақ  бірлік, ондық, жүздік  сандарды  ретімен  айтып, есептеу  арқылы  математикаға деген  қызығушылығын  арттырады.  Сандарды  ретімен  санап, қосу,  алу  бойынша  жылдам, әрі  қатесіз  санап, жұп,  тақ  сандарды  ажыратуға  үйретеді. 100  өтірік  өлең  балаларды  жаңа  қиял-ғажайыппен  таныстырып,  әлемде  болмаған  қызықты  кездермен  таныстырады. Әр  шумақтағы  өлеңдердің  мағынасы  бір-біріне  ұқсамайтын  қысқа,  әрі  көңілді  көтеретіндей  әсерлі  шығарма.  

100  тақпақ  Отанға  табиғатқа, тіршілікке  жалпы  қоршаған  ортаға  түрлі  тақырыптарымен  жазылған  шығармам.  Осы  кітабым  «Қазақ  Ұлттық  Электронды  Кітапханасына»  енгізілді.   2020  жылы  қараша айында облыстық білім басқармасының  ұйымдастыруымен аймақтағы балабақша  тәрбиешілері,  бастауыш  сынып  ұстаздары  және  орта  буында  қазақ  тілі мен  әдебиет  сабағынан  сабақ  беретін  ұстаздарымен  онлайн  арқылы  таныстырылым  жүргізіліп  вебинар  өткізілді.   

Айман КАРИПБАЕВА,
Шестаков атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі,
Алматы облысының Ескелді  ауданы                                                                                     

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий