Мектеп түлектерінің қорытынды аттестациясы қалай өтетіндігі белгілі болды

Биыл тоғызыншы сынып оқушылары үш емтихан тапсыратын болады:оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан; математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан; өзге тілдерде оқитын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.



11-сынып оқушылары 4 емтихан тапсырады: оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан; алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан; Қазақстан тарихынан тестілеу; және өзге тілдерде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий