Мен әлемдегі ең керемет мамандықты таңдаймын!

Қазақ  елінінің көрнекті  жазушысы Мұхтар Әуезов  “Ел болам десең-бесігіңді түзе”, – демекші, еліміздің келешегі жас буындарда екендігін ескереміз.  Білімі мен  тілі дамыған  елдің  көші алда болады. Бұлай деп отырғанымыз дәл  кәзіргі уакыттан  бастап  еліміздің  керегісін кеңейтіп, шаңырағын  биіктететін елімздің  саналы білімді  ұрпағы болып табылады емес пе?

Осы  орайда биылғы мектеп тәмдайтын  түлектеріміз  жайында сөз  қозғағым келіп отыр. Таңдайтын мамандығың өзіңе, қоғамға қажетті, әрі қолыңнан келетін, көңіліңнен шығатын жұмыс болуы керек. Жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындыққа кездеседі. Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай мамандық таңдауы тиіс. Мамандық таңдау мәселесі, әсіресе біздің қоғамымыздың нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе.

Жуырда М.Х. Дулати атындағы Тараз  өңірлік  университеті «Ұстаз» институтының «Білім берудегі менеджмент» кафедрасының  меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Клара Бузаубаковамен бірлесе отырып кәсіби бағдар жұмысы бойынша «Мен әлемдегі ең керемет мамандықты таңдаймын»  тақырыбындағы арнайы вебинар ұйымдастырылды. Негізгі мақсатымыз биыл мектеппен қоштасатын жас түлектерімізге мамандық таңдауда дұрыс жол көрсетіп, мамандықтар туралы мағұлмат бере отырып, жастарымыздың ел болашығы  ретінде сапалы мамандық иелері атануларына үлес қосу.  

Вебинарды п.ғ.д.,профессор Клара Жайдарбекқызы ашып, түлектерімізге тәуелсіз еліміздің 30 жылдығы  қарсаңында тәмәндайтын түлектекріміздің, мамандық  таңдау барысында елеміздің өркендеуіне  үлес қосатындай, кай мамандық түрін таңдаса да еліміздің кіріпішін қалап, әлемге танымал маман иелері атануын, еліміздің  өркендеу  заманында  білімді,білікті мамандардың керек екендігін атап өтті.

Кәсіби бағдар жұмысы- Жамбыл облысы Талас ауданы Ақкөл  ауылының Ақкөл  орта  мектебінен ғылыми әдістемелік жетекші Майлыбаева Ақмарал Аятбаевна; Директордың бағдарлы оқыту бойынша орынбасары: Мадибаев Дауренбек Рымтайұлы; Ғылыми әдістемелік жетекші: Наржанов Алмаз Ералиевич сынды мамандарымыз өз мектептерінің жүргізіліп жаткан тынысы жайында ақапарат беріді.

Ы.Алтынсарин орта мектебі бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасар: Скаков Умиржан Шарипханович; Тәрбие ісі жөніндегі  орынбасар: Ратова Гулмира Амангелдиевна және екі мектептің бітруші түлектеріде қатысты. Ақкөл  ауылы  бойынша екі  мектептен 26 -жас түлектеріміз  өз  мамандық қалауларын  таңдап, болашаққа  үлкен сеніммен бастағалы тұрғандарын білдірді. Түлектердің арасында гуманитарлық бағыт пен шығармашылық бағыттағы  мамандықтарды таңдаған. Болашақта  өздерінің мамандықтарын  тамандап, оқыған мектептерінде жас маман атануларында жоспарлап қойған.

Жоғары оқу орынмен  мектеп  байланысын арттыру мақсатымызда, маркетинг және талапкерлерді рекруттеу бөлімінің басшысы әрі қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы: Нурпеисов Мұхаметжан  Кенжетаевич билығы өтілетін ҰБТ –тестілеуі  жайында толық ақапарат беріп, жоғары оқу орнындағы мамандық  түрелерімен  таныстырды. Кафедра меңгерушсі п.ғ.д., профессор Клара Жайдарбекызы- мамандықтың бәрі жақысы екен атай отырып, әлемдегі  барлық маман иелері – ұстаздан  шыққандығын атап, казіргі  таңда мұгалім мәртебесі қолға  алынып, жас  ұрпаққа білім мен тәрбиені беретін ұстаз екені жайында ақыл кеңесін берді.

Вебинарда түлектеріміздің қабілеттін анықтау, болашықтағы армандарын  жайында, өзін-өзі тану  мақасатында психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Абай  атамыздың  өлең жолдары:  Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де — бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан! – деп, келешек ұрпағымыз өз өмірлерінде  мамандық  таңдаудан кателеспей, үлкен үмітпен, сеніммен, елімздің алдыңғы қатарлы азаматтары мен азаматшалары болса екен деген ойдамын.

Гүлмира ОРАЛҚЫЗЫ,
“Білім берудегі менеджмент”
кафедрасының  оқытушысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий