Колледж базасында құзіреттілік орталығы ашылды

Қазалы аграрлы – техникалық колледжінде «Жас маман» жобасы бойынша еліміздің «Білім туралы» Заңының, ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының, «Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Білім және ғылым министрлігінің (27. 09. 2019 ж) №425 бұйрығының негізінде «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» және «Ауылшаруашылық техникаларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандықтары бойынша құзіреттілік орталығы ашылды.

Құзыреттілік орталық қызметінің мақсаттары: 1201000 «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету,жөндеу және пайдалану» және 1504000 «Ауылшаруашылық техникаларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу»  мамандықтары бойынша Worldskills Кazakhstan  чемпионаттарына қатысу үшін аймақтық команда мен Қазақстан құрамасына бәсекеге қабілетті қатысушыларды даярлау инфрақұрылымын қалыптастыру, білім беру ұйымдарының өндірістік білім беру оқытушылары мен шеберлері қатарынан сарапшылар қауымдастығын қалыптастыру:

Және оларды Worldskills Кazakhstan талаптарына сәйкес оқыту, Қызылорда облысы аумағында таңдалған құзыреті бойынша Worldskills Кazakhstan стандарттарын іске асыру, Қазақстандағы оқу орындарының озық практикалық тәжірибесін, шетелдік тәжірибені, сондай-ақ колледж жетістіктерін Қызылорда облысының ТжКБ ұйымдарының күнделікті практикада қолдануы үшін ретрансляциялау, өңір экономикасы үшін кадрлар даярлау саласындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту.

ТжКБ жүйесінің кадрларын оқыту үшін кешенді ғылыми-практикалық және әдістемелік ресурстық база құру, кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету үшін педагогикалық ғылым мен өндірістік практиканың зияткерлік, әдістемелік, кадрлық, материалдық-техникалық ресурстарын біріктіру. Құзіреттілік орталықтың қызметтік міндеттері: Құзыреттіліктері бойынша Worldskills Кazakhstan чемпионаттарына қатысу үшін бәсекеге қабілетті қатысушыларды дайындау.

Қызылорда облысының құрама командасы үшін резерв дайындауды қамтамасыз ету, кәсіби бағдарлау және кәсіби өзін-өзі анықтауды сүйемелдеу саласында қызметтер көрсету,  халықаралық стандартқа сай мамандар кадрын даярлау, Worldskills Кazakhstan жаттығу  жиындары  мен өзге де іс-шаралардың өткізілуіне қатысу, чемпионат талаптарына сәйкес құзыреттер бойынша кәсіби мамандарды даярлау үшін материалдық – техникалық  базаны  жаңғырту және тиімді пайдалану, кәсіби мамандарды даярлау үшін әдістемелік база құру, жұмысшы мамандықтарды танымал ету.

Халықаралық стандарттарға сәйкес білім беру бағдарламаларын түзету, материалдық-техникалық базаны нығайту, сарапшыларға  стандарттарға сай білім беру (тағылымдамалар, семинарлар, тренингтер өткізу), еңбек нарығының сұранысына және тапсырыс берушілердің кәсіби қажеттіліктеріне жедел ден қоятын жоғары білікті инженерлік-педагогикалық ұжымын қалыптастыру, кадрлардың біліктілігін арттыру және кәсіби даярлау жөніндегі мәлімделген қызметтерді практикалық ұйымдастыру үшін оңтайлы білім беру жағдайларын жасау және жүйелі түрде жаңарту.

Жаңа техниканы, жабдықтарды, технологияларды, еңбектің озық өндірістік тәсілдері мен әдістерін игеру үшін әріптес кәсіпорындардан кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау процесіне жетекші мамандарды тарту, әлеуметтік әріптестермен практикалық өзара іс-қимыл жасау арқылы оқу процесіне тиімді педагогикалық және технологиялық жетістіктерді енгізу, кадрларды қайта кәсіби даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілігін арттырудың оқу бағдарламаларына ақпаратты енгізе отырып, тиісті саланың жаңа өндірістік технологиялары туралы деректер банкін қалыптастыру.

Сонымен бірге педагог қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында жаңа техниканы, жабдықтарды, технологияларды зерделеу бойынша тағылымдаманы ұйымдастыру. Құзіреттілік орталығының ашылу салтанатты рәсімінде сөз сөйлеген колледж директоры Мусаев Арман Қонысбайұлы әріптестерге сәттілік тіледі. Шараға «СТАгро» ЖШС Қызылорда филиалының директоры Қайрат Абжамалов, «СТАгро» Ақтөбе филиалының өкілі Кирилл Юдиков, «СТАгро» ЖШС оқыту бөлімінің менеджері Виктор Вутов қатысты.  Әлеуметтік ынтымақтастықты одан әрі нығайту және құзіреттілік орталықтың жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында «СТАгро» ЖШС мен «Қазалы аграрлы – техникалық колледжі» КМҚК арасында әлеуметтік әріптестік меморандумына қол қойылды.

Шәрбану ТОЛЫБАЙҚЫЗЫ,
Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің
әдіскері, 
Қызылорда облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий