Ақмола облысы: Меморандуға қол қойылды

Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі ынтымақтастық аясын кеңейту әрі «Колледж – Университет» сабақтастығын жалғастыру және республикада техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру құрылымы бойынша алғаш «Логопед қолданбалы бакалавры» мамандығын ашу мақсатында «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университеті» КЕАҚ-мен меморандум жасалды, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Меморандум Тараптардың бірқатар бағыттар бойынша күштерін біріктіріп, білім саласындағы ғылыми зерттеулер мен даму стратегиялары бойынша кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында ғылыми-практикалық бағытта тәжірибе алмасуына, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесі негізінде даярланатын 01130100 «Логопедия» мамандығы бойынша арнайы педагогикалық озат тәжірибелермен бөлісуіне мүмкіндік жасайды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий