Қостанай облысы: “Елбасы медалі” мектеп оқушыларына табысталды

Жастар жылында Казақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белсенді және талантты жастарды қолдау бойынша “El Úmiti” жалпыұлттық бастамасын ұсынып, республикамызда алғаш рет жалғыз және бірегей ұлттық деңгейдегі “Елбасы меделі” бағдарламасын іске қосты. Бұл марапат 14 пен 29 жас аралығындағы балалар мен жастарды кешенді түрде дамытуға бағытталған, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Осы жоба 2020 жылғы маусымда бастау алып, 11 мыңнан астам оқушыны қамтыды, оның ішінде бес жүзден астамы біздің аймақтың оқушылары мен стеденттері. Жобаға қатыса отырып, жастар алдына мақсат қоюды, оны іске асыруды, мейірімді,белсенді, әділ болуды және өзін-өзі дамытуға тырысуға үйренеді. Болашақ түлектер үшін бұл отандық жоғарғы оқу орындарына түсу үшін маңызды ынталандыру болып табылады. “Nur Otan” партиясының «Jas Otan» жастар қанатының V құрылтайында Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы өскелең ұрпаққа өзінің бағыт көрсетуінде: – “Еліміздің және ұлтымыздың болашағы жастардың қолында”, – екенін тағы бір қайтара атап өткен болатын.

Бүгінгі күні 3500 астам үміткер қола деңгейді аяқтады, оның ішінде республикалық комиссияның шешімімен Қостанай облысының 239 қатысушысы «Елбасы Медалі» ерекшелік белгісімен марапатталуға ұсынылды, басым бөлігі жергілікті өңірлерде табысталатын болады. «Озат» ақпараттық технологиялар мектеп –лицейінің қабырғасында дарынды балаларға арналған үш мамандандырылған мектептің 17 оқушысына білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова марапаттарды табыстады.

– Облыста барлық оқушылар үшін тең бастама мүмкіндіктерді құру міндеті шешілуде.   «Елбасы Медалі» біздің жастарымыз үшін табыс пен өзін-өзі іске асыру жолындағы маңызды қадам болмақ, – деді облыстың бас ұстазы өзінің құттықтау лебізінде. Сонымен қатар қосымша білім беру саласындағы ерекше қызметі үшін ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының «Балалық шақ» медалімен «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының» директоры Елена Александровна Петренко, Қостанай қаласы балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылық мектебі директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Наталья Николаевна Зубко, Қостанай ауданы Балалар шығармашылық үйінің қосымша білім беру педагогы Лайла Темірбекқызы Оспанова марапатталды.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий