Ұлағатты ұстаздың мәртебелі мерейі

Күнделікті мектеп өміріндегі тың жаңалықтар мен жаңартылған білім мазмұны бүгінгі таңда ұстаздық қызметтің қыр- сырын айқындап, жаңа ғасырдың бәсекеге қабілетті. “жаңашыл ұстаз” бейнесін саралап берді. Мұғалімдік- мамандық, ал ұстаз болып оқушы жүрегінен орын алу әрбір мұғалімнің тұлғалық бейнесі. Қиындығы мен қызығы мол бұл мамандықты меңгеру үлкен еңбекті, білімпаздықты, үнемі ізденісті қажет етеді.

Нағыз ұстаз – таңдаған кәсіби мамандығын абыроймен адал атқарып, бала бойына терең білім мен рухани құндылық себуші бағбан! Өйткені, уақыт – өзен, ал әрбір мұғалім сол ағыстан қалмау керек. Күнделікті ізденіс, жаһандану, жаңалыққа жақын болып, әрбір сабағында өзіндік қолтаңбасын қалдыруды мақсат ету керек! Бүгінгі таңда ұстазға қойылатын талап та осы! Білімді ұрпақ-шыңдалған ұстаздан үлгі алады. Қазір “жаңғыру”, “жаһандану”, “АКТ”,  “креативті” және тағы да басқа сөздер ұстаздар лексиконында жиі қолданылып жүр. Өйткені, білімді ұрпақ -ел болашағы және олар шыңдалған ұстаздан үлгі – өнеге, білім алады, өз ой пікірі қалыптасып, алдарына мақсат қойып, жақсылыққа жақын болып, бой түзейді.

Осындай бәсекеге қабілетті ұстаздардың өз мектебінде үнемі мерейі үстем. Ұстаздар арасында бәсекеге қабілетті, нағыз өз маманының шебері анықтау мақсатында жыл сайын “Жыл мұғалімі” байқауы өткізіліп тұрады. Міне биыл да уақыттың қиындығына қарамай, Он екі мұғалім арасында мектепішілік байқау өз мәресіне жетті. Ұстаздар бірнеше кезең бойынша, сыннан өтті. Атап айтсақ: өзін өзі таныстыру, үш тілділікті меңгеру, инновациялық сабақ, сөз мәдениетіндегі шешендік, интелекттік зеректік, креативтілік, “менің ашқан жаңалығым” кезеңдерінде сайысқа түсті.

Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы орайда “Қазір той жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман”, – деген сөзі дәл ұстаздарға арналғандай…. Бәрі де сайдың тасындай өз бойындағы білім мен құндылықты көрсетіп бақты. Десек те осы қойылған талаптарды өте шебер байқатқан, “Жүзден – жүйрік, мыңнан тұлпар шығып, топты жарған мұғалім – Мамбеталина Әйгерім Тулеуовна болды. Әйгерім- физика пәнінің мұғалімі,еңбек өтілі- алты жыл, санаты – педагог – сарапшы. Алты жылда біраз тәжірибе жинаған Әйгерім “Жиырма бірінші ғасырдың жаңашыл, креативті ұстазы” аталымының иегері ретінде танылып, байқаудың кезеңдері бойынша жұмыстары “үздік” бағаланды.

Нәтижесінде әділ қазылар алқасының шешімімен бірауыздан “Жыл мұғалімі – 2021” атағына ие болды. Әйгерімді алда үлкен байқау күтуде. Ол енді аудандық “Жыл мұғалімі” байқауында бақ сынамақ. Әйгерімнің сөз мәдениетіндегі шешендігі, әрбір сабағында үнемі ізденіспен келіп, өз қолтаңбасын қалдыруы, әдіс тәсілді жүйелі қолдануы, ойының ұшқырлығы, АКТ қолданып, өмірмен байланыстыруы өте әсерлі шықты. Мысалы, оның өзін өзі таныстыруда шығарған өлеңінен мына шумақты алсам, оның жан – жақты білім деңгейін көрсеткені даусыз.

Мен қазақтың ар – намысты қызымын,
Жақсылардың тұяғымын, өнеге алған ізімін.
Ізгіліктің нұрын сепкен # 3 мектебім,
Шәкіртіңнің білімімен үстем болсын мерейің!
Желбіресін көкте мәңгі көк байрағың қазағым,
Сәтті болсын болашаққа басқан әрбір қадамың,
Баршаңызға тілеймін мен амандық,
Ұрпағымыз білімді боп, жасай берсін мәңгілік!!!

Міне, физика пәнінің мұғалімі қазақтың қара өлеңінен де құр алақан емес екен! Алдағы сайыста да осындай бойыңдағы бар өнеріңді ту етіп, мерейіңнің үстем болуына біздер, ұжымдастарың сенім артып, ақ жол тілейміз, Әйгерім!!!!

Зауреш Оразовна АТЕНОВА,
№3 мектептің директоры, Алматы қаласы 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий