Манаш Қозыбаев университеті: Академиялық артықшылық орталығы құрылады

Қаражат инновациялық зертханаларды құруға, білім беру бағдарламаларын жаңартуға, халықаралық ғылыми жобаларға қатысуды қаржыландыруға және тағы да басқа бағыттарға беріледі. Сонымен бірге университетте республикалық бюджет есебінен 600 орындық екі жатақхана салу қарастырылып отыр. Бұған қоса, қолданыстағы үш жатақханада және бес оқу ғимаратында күрделі жөндеу жүргізілетіндігі жоспарланған, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Облыстың кешенді жоспарында білім беру саласын дамыту  бойынша маңызды бастамалар қарастырылды. Негізгі бағыттарына тоқталсақ. мектепке дейінгі және орта білім бойынша өңірде 2025 жылға қарай 2-6 жастағы балаларды қамтуды 95%-ға дейін жеткізу қарастырылған. Ол үшін жыл сайын кестеге сәйкес жаңа балабақшалар ашылады. Ваучерлік қаржыландыру тетігін және жекеменшік балабақшаларды дамыту жұмыстары ұйымдастырылады.

Аймақтағы апатты жағдайдағы мектептер желісін және оқушы орындарының тапшылығын қысқарту үшін 16 мектеп салу көзделген. Бұған қоса ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған 400 орындық түзету мектеп-интернаты салынады. Облыстағы 416 мектепті жаңғырту жобасы жүзеге асырылады. Жоба аясында күрделі жөндеу, мектеп жиһаздарын жаңарту, кабинеттерді жабдықтау, турникеттер мен бейнебақылау орнату қарастырылған.  Мұның бәрі 416 мектепте жүргізілетін болады.

Техникалық және кәсіптік білім беру бойынша «Жас маман» жобасы аясында биылғы жылы тоғыз колледж жабдықталатын болады. 2025 жылға дейін жастарды кезең-кезеңмен жүз пайызға дейін колледждерде ақысыз оқумен қамту жоспарланды. Ол үшін қосымша гранттар беріледі. М. Қозыбаев атындағы университетінің базасында инновациялық зертханаларды құруға, білім беру бағдарламаларын жаңартуға, халықаралық ғылыми жобаларға қатысуды қаржыландыруға  мемлекеттік бюджеттен 5 миллиард теңге бөліну жоспарланған.

Сонымен бірге осы жоғары оқу орнына республикалық бюджет есебінен 600 орындық екі жатақханана салу үшін 4,3 млрд теңге қарастырылуда. Бұған қоса, қолданыстағы үш жатақханада 2,2 млрд теңгеге және бес оқу ғимаратында 2,4 млрд теңгеге күрделі жөндеу жүргізілетін болады. Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша екі өңірлік жоғары оқу орнын құру жоспарының шеңберінде Петропавл қаласында осындай университет құрылатын болады.

Бұл университет әлемнің үздік университеттерімен бірге жаңа білім беру бағдарламалары іске асырылып, нәтижесінде әлеуеті мықты өңірлік зерттеу орталығын құрылмақ. Демек алдағы уақытта озық зерттеу мен сапалы білім беру үшін жағдайлар жасалады. «Серпін» бағдарламасының аясында облыс аумағында жұмысқа тұрған түлектерінің еңбекпен өтеу мерзімін екі жылға дейін азайту бойынша өзгерістер енгізуді жоспарланған. Көрші елдердің жоғары оқу орындарынан М. Қозыбаев атындағы университетіне ауысатын студенттерге жыл сайын арнайы 200 білім беру грантын бөлу мәселесі шешіледі.

Сонымен бірге М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне студенттердің келуін ыңталандыру үшін 2000 арнайы грант бөлінеді. Жоғарыда аталған маңызды бастамалар Солтүстік Қазақстан облысындағы білім беру саласын және ғылыми әлеуетін әрі қарай дамытуға толығымен мүмкіндік беретін болады. Көрші елдердің жоғары оқу орындарынан М. Қозыбаев атындағы университетіне ауысатын студенттерге жыл сайын арнайы 200 білім беру грантын бөлу мәселесі қарастырылып отыр. Сонымен бірге М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне студенттердің келуін ынталандыру үшін 2000 арнайы грант бөлінеді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий