Мектебімізде қуанышты сәт!

Еліміздің ертеңі – білімді ұрпақтың қолында. Әрбір өскелең жас жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет. Қазіргі таңда жаңа көзқараспен қарайтын  жалынды жастар еліміздің жаңару  үдерістеріне  белсене қатысып келеді.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақұлдауымен марапаттаулар құрамына енгізілген «Елбасы медалі» еліміздің дарынды, талантты жастарын  қолдауға бағытталған,  жастарды  кешенді  дамытуға арналған ұлттық деңгейдегі  жоба. Осы жобаның 2020  жылғы  «Елбасы медалі» иегері,  Екіаша орта мектебінің дарынды оқушыларының бірі – Тасыбек Гүлзат.

Гүлзат жан-жақты, ізденімпаз, ойы ұшқыр, жігерлі  оқушымыз өз еңбегімен  түрлі  байқаулардың  жүлделі  жеңімпазы атанып келеді. Еліміздің  бейбіт  аспанында елдің айқын мақсаттарымен жігерленіп,  тек қана алға ұмтылатын осындай оқушыларымыз көп болатынына  сеніміміз зор.

Балжан Богембаевна ШАЛОВА,
Екіаша  орта мектебі КММ,
Алматы облысының Сарқан ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий