ЕҰУ студенттері өзенге батып бара жатқан баланы құтқарды

Еуразия ұлттық университетінің физика техникалық факультетінің бірінші курс  студенттері Мағжан Сұлтанов пен Диас Камалов университеттің бас ғимараты жанында Ақбұлақ өзенінде суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Диас Камалов

Оқиға 2021 жылдың 26 наурыз күні кешке қарай орын алды. Университеттен шыққан студенттер көмек сұрап айқайлаған баланың даусын естиді. Дереу өзенге қарай жүгіріп, 8-9 жастағы суға батып бара жатқан баланы көреді. Көп ойланбастан олар көмекке асықты. Мұзға қарманған баланы көріп,  судан шығарып, үстіндегі  киімдерін шешіп, орап алады.

Осы кезде ЖОО қызметкері Ботагөз Паратхан жұбайымен бірге жақын маңда жүрген, оларды автокөлікке салып,баланы үйіне апаруды ұсынады. Үйге барған соң студенттер баланы құрғақ киімге ауыстыруға көмектесіп, жылы сусын беріп, ата-анасына оқиға туралы хабарлайды. ЖОО-ның баспасөз қызметіне берген сұхбатында Мағжан өз қауіпсіздігі туралы бір минут та ойланбағанын айтты. «Менде бір ғана ой болды, – дейді ол – Қайткенде баланы құтқару!».

Мағжанның өзі отбасындағы жалғыз ұл. Ол ядролық физика мамандығы бойынша оқиды. Бұл мамандықты таңдағанына қуанышты, өйткені ол атомдар мен молекулалармен жұмыс істегенді ұнатады. Тағы бір кейіпкер Диас Камалов Техникалық-физика мамандығы бойынша гранта білім алады. Қостанай облысы Рудный қаласында туған, отбасының кенжесі. Мағжан мен бірге ол мұндай сәттерде қорқыныш туралы ойлаудың өзі артық деп есептейді.

Мағжан Сұлтанов

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий