Батыс Қазақстан облысы: Жергілікті білім беру ұйымдарының жұмысы қалай ұйымдастырылады?

2020-2021 оқу жылының қорытынды төртінші тоқсаны басталғалы отыр. Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №9 қаулысына сәйкес, төртінші тоқсанында төмендегідей режимде оқыту қарастырылады, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Контингенті 300 оқушыға дейін ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай, Бөрлі, Бәйтерек аудандары мен Орал қаласының мектептерінде сыныптардағы балалар санын 15 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқыту; жалпы білім беретін мектептерде мектеп алды сыныптары,  бірінші сыныптан бастап 5 сыныпты қоса алғанда, оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай, Бөрлі, Бәйтерек аудандары мен Орал қаласының мектептерінде сыныптардағы балалар санын 15 адамнан асырмай ата-аналардың өтініші негізінде аралас форматта оқыту.

Және 9, 11 сыныптар үшін 15 адамнан асырмай («1 сынып – 1 кабинет» қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимін сақтау) аптаның 6 күні ішінде пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқыту. Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 1 курс студенттері санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас форматта оқытылады. Білім беру ұйымдарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталуы бақылауда болады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий