“Елбасы медалы”: Дараланған дарындылармен мақтанамыз
Дарынды балалардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілетін жетілдіру барысында қалыпты жағдайлар туғызу бүгінгі таңдағы білім берудегі басты мақсат болып отыр. Өйткені дарынды балалармен жүргізілген оң жұмыстардың нәтижесі ғылым мен экономиканың дамуындағы тиімді де оңтайлы әдіс тәсілдер мен заманауи жаңалықтардан айқын көрінуде.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының дарынды оқушыларды анықтау және қолдау жүйесін құруға мүмкіндік беретін «Ел үміті» бастамасының ауқымды жобаларының бірі “Елбасы медалі” жобасы. былтырғы шілде айынан бастап Ақтөбе облысының білім басқармасы, “Ақтөбе-Дарын” ӨҒТҚББО және “Білім-инновация” қоғамдық қоры бірлесе отырып осы жобаны жүзеге асыра бастады. “Елбасы Медалі” жобасы – өскелең ұрпақты тәрбиелеуге және олардың үйлесімді жетілуіне мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаға қатысу тәртібі Үкімет Қаулысымен бекітіліп, Тұңғыш Президент Қорының қолдауымен ұйымдастырылуда.
Байқауға қатысатындардың жасы 14 пен 29 аралығындағы болуы бағдарламаның негізгі шартының бірі. “Елбасы медалін” мақсатына ұмтылған әрбір қазақстандық жас буын иемдене алады. Бағдарламаға қатысу үшін me.fpp.kz онлайн-платформасына тіркеліп, ұсынылған – алтын, күміс немесе қола бағыттарын таңдайды. Қатысушыға өзін-өзі дамыту үшін жеті бағыт ұсынылған. Олар: спорт және дене шынықтыру, дарын мен дағды, еріктілік, туристік саяхаттар, кітап оқу, ұлттық мұра және еңбек тәжірибесі. Бұл жердегі жақсы жағы, әрбір қатысушы өзінің қалаған ісімен айналыса алады. Яғни, бағдарламаның қағидасының бірі, белгілі бір бағытта үздіксіз даму болып табылады.
Спорт және дене шынықтыру бағыты бойынша жүгірумен, жүзімен және фитнес түрлерімен айналасуда. Әрқайсысы өз ыңғайына байланысты спорт түрін таңдаған. Тіпті йогамен де айналысатындар да бар. Мүмкіндігі шектеулі қатысушылар да өзіне ыңғайлы болатын спорт түрін таңдай алады, жобада бұл жайттар да ойластырылған. Дарын мен дағды бағыты бойынша қыз балалар көбіне ұлттық қол өнерлерімен айналысады, түрлі тағамдар әзірлеу және олардың әдістерін үйренуде. Ер балалар көбіне ғылыми-техникалық саланы таңдайды, киберспортпен де айналасып жатқандар бар. Бұл салаға шахматы-шашки секілді де интеллектуалды ойындар да жатады.
Кітап оқу бағыты бойынша оқылуы керек кітаптардың белгілі бір тізімі бар. Бұл тізім үш бөліктен тұрады, еліміздің алтын қоры, дүнежүзілік алтын қор және өз-өзін жетілдіру кітаптары. Әр қатысушы әр бөліктен кемінде бір кітаптан бітірулері қажет болады. Яғни, үш айдың ішінде 900 бет оқыған баланың әрі қарай да кітап оқу әдеті қалыптасады деген үміттеміз. Ұлттық мұра бағыты бойынша халқымызда ата баба заманынан бері келе жатқан спорт немесе дағдылардың түрімен айналасу жатады, мысалға, тоғызқұмалақ, еркін күрес, домбыра, қазақ тағамдарың әзірлеу жатады. Немесе мемлекетіміздің алтын қоры бөлімінен бір кітап оқып бітірсе де болады.
“Елбасы медалі” жобасының “Алтын медаль” иегері жоғарғы оқу орнына тағайындалған грант конкурсына өтер кезінде басымдылыққа ие болады, яғни медальға ие болған қатысушымыздың және бір үміткердің ҰБТдан алған ұпайлары тең болып тұрған жағдайда, басымдылық Елбасы медалі иегерлеріне беріледі. Ақтөбе облысы бойынша 14-18 жастар арасынан 382 (358-қола, 10-күміс, 14-алтын) қатысушы бақ сынады. Соның ішінде қола медаль бағыты бойынша 358 қатысушының 150-і жүлдегер.
ҚР Үкіметінің (24. 04. 2020 ж, № 249) қаулысына сәйкес «Елбасы медалі» ерекшелік белгісінің иегерлері балдары тең болған жағдайда “Елбасы медалі” ерекшелік белгісінің иегерлері ел заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру гранттарын алуға, сондай-ақ жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың құрамына қабылдануға басым құқыққа ие болады. 2021 жыл бойынша «Елбасы медалі» жобасының деңгейлеріне тіркелу Нұрсұлтан Назарбаев Қоры сайтында (www.fnn.kz) биылғы ақпан айының орасында басталды.
Роза Шаймановна САКАУОВА,
“Ақтөбе – Дарын” өңірлік ғылыми тәжірибелік
қосымша білім беру орталығындағы зияткерлік
инновациялық және шығармашылық
дарындылықты дамыту бөлімінің басшысы