“QazCovid”: Отандық вакцина қалай әзірленді?

2020 жылғы наурызда еліміздің аумағында коронавируспен ауырған алғашқы адам анықталды. Және наурыз айының 23-і күні науқастардан патологиялық материалдар алынды. Материалдан COVID-19 вирусы бөлініп, оның биологиялық қасиеттері зерттелді. Осы уақыттан бастап қазақстандық ғалымдар бірден вакцина әзірлей бастады, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Тоғызыншы мамырда ғалымдар QazCovid-in вакцинасын әзірлеп шығарды. 15 мамырда Денсаулық сақтау ұйымы оны кандидаттық вакцина ретінде тіркеді жене ғалымдар зертханалық жануарларға егу арқылы клиникаға дейінгі зерттеуді бастады. Маусым айында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы зерттеудің оң нәтижелерін мойындады. Шілдеде ғалымдар өздері жасап шығарған QazCovid-in вакцинасын алғашқы болып өздеріне салғызды.

17 қыркүйекте 44 еріктінің қатысуымен I кезеңнің клиникалық зерттеулері басталды. Нәтижесінде вакцина жоғары қауіпсіздігін көрсетті, еріктілердің жағдайы қалыпты. 17 қазанда клиникалық зерттеулердің II кезеңі басталып, оған 200 ерікті қатысты. Нәтижесінде вакцина жоғары иммуногенділік пен тиімділігін көрсетті. 19 желтоқсанда Денсаулық сақтау министрлігі клиникалық зерттеулердің соңғы III кезеңін жүргізуге рұқсат берді, оның аясында 3 мың еріктіге QazCovid-in вакцинасы салынды. Қазіргі уақытта еріктілердің жағдайы қалыпты, жақсы. Еріктілердің қанында қажетті қорғаныс антиденелері пайда болды.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, «Қазақстандық медициналық кеңес» медициналық білім және ғылым ұйымдары қауымдастығының президенті Талған Нұрғожин QazCovid-in қазақстандық вакцинасын клиникалық сынақтардан тыс өздеріне салғызды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий