Қазақстандық ғалымдардың аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналық препараттарды әзірлеу бойынша тәжірибесі мол және әлеуеті жоғары
Алпыс жылдан астам тарихы бар ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты мамандарының биологиялық қауіпсіздік, биотехнология, вирусология, микробиология, иммунология саласында мол тәжірибесі бар. Институт ғалымдары препараттардың 60-тан астам атауын, оның ішінде 30 вакцинаны, 16 тест-жүйені және 15-тен астам түрлі биопрепараттарды әзірлеген, – деп хабарлайды салалық ведомстваның баспасөз қызметі.

Соңғы 10 жылда институт аса қауіпті инфекциялар бойынша отандық вакциналарды дайындау технологияларын дайындаған. Қазақстан денсаулық сақтау саласы үшін жоғары патогенді құс тұмауына қарсы вакцинаны әзірлеген және ДДСҰ зертханасында клиникалық сынақтан өткізген жетінші мемлекет болды. Институт ғалымдары денсаулық сақтау саласы үшін жоғары патогенді шошқа тұмауыны қарсы вакцинаны әзірлеген алғашқы мемлекеттердің бірі болды.
Загрузка...Құс тұмауына қарсы вакцинаның арқасында еліміздің ауыл шаруашылық саласы 2006 жылы құстың 95%-ын сақтап қалды. 2019 жылы бруцеллезге қарсы жаңа векторлық вакцина әзірленді. Ол қауіпсіздік және иммунобиологиялық қасиеттері бойынша бруцеллезге қарсы өзге вакциналардан едәуір артық болып саналады. 2020 жылы БҚПҒЗИ ғалымдары 2,5 ай ішінде түйе шешегіне қарсы вакцина әзірледі. 2020 жылдың мамыр айында институт коронавирустық инфекцияға қарсы отандық QazCovid-in вакцинасын әзірледі. Қазір клиникалық сынақтардың соңғы III кезеңі жүргізіліп жатыр.