Жеңімпаз педагог 500 мың теңгеге ие болды

Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі ұйымдарының тəрбиеші, əдіскер, педагогтері жəне пəн мұғалімдері арасында “Үздік жаңашыл тəрбиеші” республикалық байқауы жауапкершілігі шектеулі “Bilim Land” серіктестігінің қолдауымен ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Байқаудың мақсаты АКТ құралдарын қолдану дағдысын дамыту жəне www.BilimKids.kz сервисі мен www.OnlineBalbaqsha.kz қашықтан оқыту технологияларының көмегімен мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру сапасын арттыру болып табылады. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған Жәнібек ауданы «Балдәурен» бөбекжайының орыс тілі пәнінің мұғалімі Чукина Гульмираға 500 мың теңгенің ақшалай сыйлығы табысталды.

Жаңақала ауданындағы Жаңақала балалар бөбекжайының тәрбиешісі Нурайна Махамбетова үшінші қатардан көрініп, 200 мың теңгелей ақшалай сыйлықты иеленді. Үздіктерді жетістіктерімен құттықтаймыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий