Жетекші мектеп: Ұмтылған ұтатын уақыт

Жетекші мектеп мәртебесін иемденгенде кезде, көптеген өзгерістердің бірі ретінде ғана қабылдадық. Алайда уақыт біздің ойымыздың қате екенін дәлелдей түсті. Бүгінде біздің жетекші мектебіміз жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы мұғалімдердің тәжірибе алмасу алаңына айналды десем артық айтқандық емес. Біз серіктес мектептермен жұмыс істей отырып, өзіміздің де кәсіби тұрғыдан өскенімізді нық сеніммен айта аламыз.

Әсіресе, қашықтан оқыту кезінде жетекші мектептер бағалау жүйесіндегі қалыптасқан жағдайға байланысты өзгерістерді талқылауда, оны серіктес мектеп мұғалімдерімен бөлісуде үлкен маңызды факторға айналды. Біз жетекші мектеп ретінде серіктес мектептерге қашықтан оқыту жағдайында олардың қиындықтарын анықтап, анықталған кедергілерге сәйкес қолдау көрсетіп отырамыз. Жетекші мектептердің оқыту үдерісіндегі кедергілерін, қажеттіліктерін анықтау мақсатында онлайн сауалнама алынды.

Мектепте құрылған үйлестіруші топ мүшелері сауалнама қорытындысын сараптай келе, серіктес мектептерге бірнеше бағыт бойынша көмек керек екендігін анықтадық. Аталған қажеттіліктер бойынша мұғалімдермен етене байланысып, тиісті іс-шаралар ұйымдастырып келеміз. Қазіргі пандемия кезінде біздің ұжым вебинар, онлайн семинар, онлайн кеңес беру сияқты формада жұмыс істеуде. Оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру мен бағалау өте өзекті тақырыптар ретінде қарастырылып, мектептегі үйлестіруші топ мүшелері жоспарлы әрекет етті.

Атқарылған жұмыс үлгілері электронды түрде мектептің ортақ базасында сақталып, серіктес мектептердің барлығы осы үлгілерді пайдалану мүмкіндігін иеленді. Жетекші мектеп пен серіктес мектептер арасындағы байланыстың екі жақты тиімді үдеріс екенін атап өткім келеді. Талқылау, талдау барысында білгенімізбен бөлісіп, кейбір тұстарды олардан үйрендік. Алдағы уақытта осы қарқында қызмет атқарып, даму жолында еңбектене бермекпіз.

Мадина Әсетқызы АЛМЕНОВА,
№ 1 гимназия мектебінің орыс тілі
мұғалімі, мектеп модераторы, 
Түркістан
облысындағы Төлеби ауданының Ленгер қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий