Көптілділік – дамудың тетігі

Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті Жолдауында адам капиталын дамытудың озық үлгілерін ойлап тауып, оны жүзеге асыру басты мақсат екені айтылған еді. Бүгінгі мектептердің жалпы бағытын саралай келе, жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде көптеген жетістіктер орын алуда. Осыған орай «Smart серіктестік» жобасы мектебіміздегі үш білім беру сатысы (бастауыш, орта буын, жоғары сынып) арасындағы педагогикалық, әдістемелік, психологиялық тұрғыда байланысатын алтын көпірге айналған.

«Smart серіктестік» жобасы арқылы үш буын арасында мығым байланыс орнап, мұғалімдер шығармашылық ізденіске талпынуда. Сабақты кіріктіру арқылы алуан әдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқушылардың жан-жақты білім алуына жағдай жасалып жатыр. Сонымен қатар оқу-тәрбие үдерісін жүйелі ұйымдастыру мен басқарудың арқасында шәкірттеріміз облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба конкурстарының жеңімпазы атанып жүр. Жетекші мектептің аталған жобамен айналысудағы үш жылдық жұмысының нәтижесінде №9 мектеп-гимназиясы Ақмола облысы мектептері арасында «Үздік білім беру мекемесі» конкурсының бас жүлдесіне ие болды.

Қазіргі таңда біздің жетекші мектептің қолдауымен аудандық Сәкен Сейфуллин мектеп-гимназиясы мен Қарашілік орта мектебі аталмыш жобаны оқу-тәрбие үдерісіне ішінара ендіруді бастады. Жаңа заман талабына, білім беру парадигмасына сәйкес мектептегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мен басқару жаңашылдықты талап етері сөзсіз. Сондықтан Бурабай ауданында серіктес мектептер арасында оқу-әдістемелік және шығармашылық қарым-қатынас бекіп, тәжірибе алмасудамыз. 

Озық тәжірибелерді оқу-тәрбие үдерісіне енгізу арқылы сапалы білім мен саналы тәрбие беруді көздейтінін мектептер өз жетістіктерімен дәлелдеуде. Мұғалім мен оқушы, ата-ана қарым-қатынасы, әкімшіліктің ізденісі арқылы мектептің заман көшіне ілесіп, дамуы мен гүлденуі еліміздегі білім сапасының өріс алуына кепіл бола алады. №9 мектеп-гимназиясы шәкірттері ұлттық рухтан қанаттанып, біліммен қаруланып, «Мәңгілік Елдің» мақтанышына айналып отырғаны да сөзсіз. Ендігі мақсат – даму баспалдағымен жоғары қарай бағыттай беру. Еңселі ел боламыз десек, мектептегі оқу-тәрбие үдерісін жаңа бағытта жаңғырта беруіміз керек деп есептеймін.

Бибігүл Қуанышқызы КУШЕКОВА,
№9 мектеп гимназияның директоры,
Ақмола облысының Бурабай ауданы
Щучинск қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий