Қазақстан психологтары балалар мен ересектердің психологиялық проблемаларын шешуді мақсат ететін жаңа инновациялық тәсілді меңгеруде

Алматы облысында бес ауданда балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтік тенденциялардың қаупі жоғары. «QOLDA» жедел көмек бағдарламасы аясында Алматы облысы Іле ауданының орта мектептерінің психологтары балаларға, жасөспірімдерге, ата-аналарға және мұғалімдерге өмірінде кездескен қиындықтарды жеңуге көмектесу үшін «Психологиялық проблемалардың барлық түрлерін шешуге арналған «Genesis»  жедел психотерапиялық тәсілі» деп аталатын авторлық психотехнологияны меңгеруге мүмкіндік алды. Оқытуды «Жанұя» отбасын қолдау орталығы» Қоғамдық қоры «Genesis Verae психотехнология орталығы» ЖШС-мен серіктестікте ұйымдастырды.

Психологтарды оқыту 2020 жылдың қараша айында басталды, бірақ алғашқы нәтижелер қазірдің өзінде бар. Оқушылардың ата-аналары, оқып отырған психологтардың әріптестері және аудан тұрғындары тәсілдің тиімділігі туралы өз пікірлерін білдіруде. Алматы облысы Іле ауданының 47 мектебі мен екі колледжінің 7-11 сынып оқушылары балалардың психикалық жағдайын диагностикалаудың автоматтандырылған «Ресурс» бағдарламасы бойынша алдын-ала тестілеуден өтті. Алматы облысында барлығы 10 270 бала тестілеуден өтті. Тест нәтижелері бойынша 232 жасөспірім қауіп аймағына («қызыл аймаққа») түсті. Қазір  «Genesis» жедел психотерапиялық тәсілін оқып жүрген психологтар олармен жұмыс жасайтын болады. 

Тестілеу кезінде анықталды: балалар көбінесе психологиялық проблемалар мен жеке трансформацияның дамуы саласындағы проблемаларға тап болады, өмірлік қиын жағдайда түседі, зорлық-зомбылық пен зорлық-зомбылықтан кейін аутодестуктивті мінез-құлыққа ие болады; ең көп балалар ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасқа байланысты қауіп аймағына түсті; кез-келген зорлық-зомбылықтың көрінісі бар отбасындағы қолайсыз психологиялық ахуал баланың жалғыздық, пайдасыздық, мазасыздық сезімдерін күшейтеді, балалар жақын адамдарынан қамқорлық пен махаббатты сезінбейді, осының бәрі жасөспірімнің девиантты және суицидтік мінез-құлыққа бейімділігін қалыптастырады.

2021 жылы сәуірде барлық балалар оңалту курсынан өткеннен кейін қайта тестілеу өткізіледі. Бұл баланың оңалтудың басында болған барлық психологиялық проблемаларын жеңе алған-алмағандығын анықтауға көмектеседі. «Жанұя отбасын қолдау орталығы» Қоғамдық қорының директоры Айгүл Есімбекованың айтуынша: «Психологиялық проблемалардың барлық түрлерін шешуге арналған «Genesis» жедел психотерапиялық тәсілі» барлық жастағы адамдарға арналған және психологиялық проблемалардың барлық түрлерімен күресудің ең тиімді әдісі болып табылады. Бұл тәсілдің баламалары жоқ, ол тиімді, көп уақытты және дәрі-дәрмектерді қажет етпейді.

«QOLDA» жедел көмек бағдарламасының шеңберінде екі авторлық бағдарламасы тартылды: Қиын өмірлік жағдайда түскен балаларды анықтау және оларға тиімді көмек көрсету үшін «Жанұя» отбасын қолдау орталығы» ҚҚ және «Қазақ психологиялық қоғамы» АҚБ мамандары мен ғалымдары «Ресурс» балалардың психикалық жағдайын диагностикалау жүйесі» автоматтандырылған бағдарламасын жасап шығарды. Қазақ және орыс тілдеріндегі бағдарлама мен әдістемелік ұсыныстарды белгілі отандық мамандар өз зерттеулерінің және әлемнің озық тәжірибелерінің адаптациялары негізінде жасаған және оларға «Түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» мемлекеттік мекемесінен, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясынан, сонымен қатар Қазақстанның жетекші психолог ғалымдарынан рецензиялары бар.

Бағдарлама отбасында қолайсыз психологиялық ахуал орын алған, зорлық-зомбылықтың кез-келген түріне ұшыраған, суицидтік және девиантты мінез-құлыққа бейім балаларды анықтауға арналған. Бағдарлама «отбасының психологиялық портретін», соның негізінде қалалық, облыстық және республикалық масштабта «Психологиялық картаны» жасай отырып, бір уақытта көп баланы ққамтуға мүмкіндік беретіні – бағдарламаның негізгі артықшылығы. Тестілеудің бұл әдісінің өнімділігі жоғары, өйткені ол нәтижелерді қолмен тексеріп, өңдеумен салыстырғанға қарағанда аз уақыт пен ақшаны талап етеді.

Бағдарлама тесттер блогынан тұрады және 11-ден 18 жасқа дейінгі балалар тобына арналған. Тесттен өту үшін Google Chrome браузері арқылы «Жанұя» отбасын қолдау орталығы» ҚҚ-ның www.pfzh.kz веб-сайтына кіру қажет. Тестті өту ережелері мен тіркеу тәртібі веб-сайтта жарияланған. Тіркеуден кейін оқушы оқу тілінде берілген сұрақтарға орта есеппен 25-40 минут ішінде жауап береді, содан кейін жүйе автоматты түрде тексерілген адамның жалпы психологиялық күйінің нәтижелерін есептеп шығарады.

Қосымша деректерді өңдеуден кейін, бағдарлама жауаптардың үйлесуіне байланысты 3 санатқа бөле отырып, қорытынды нәтижелерді шығарады: 1 санат (қызыл) –қаупі жоғары аймақ, жасөспірім мен отбасына жедел түрде психо-әлеуметтік көмек көрсету, шұғыл түрде араласу қажет; 2 санат (сары) – қаупі жасырын аймақ, жасөспірім мен отбасы психо-әлеуметтік көмек пен психологиялық қолдауға мұқтаж; 3 санат (жасыл) – психикалық норма аймағы. Осылайша, бағдарлама «қауіп аймақтарындағы» психо-коррекциялық көмекке мұқтаж балаларды анықтауға және олармен жеке жұмыс жасауға арналған. Зерттеу және алынған деректерді талдау аяқталғаннан кейін барлық үш санат бойынша жиынтық ақпарат орталықтандырылған түрде тиісті Білім басқармаларына беріледі.

Терапия нәтижесінде балалардың шамамен 3,5%-на психиатрдың консультациясын алуларына ұсыныс берілді. Отбасында да, мектепте де ешкім білмейтін балалардың өз-өзіне қол жұмсау фактілері, балаларға қатыгездік қатынас, физикалық, психологиялық, жыныстық зорлық-зомбылық, басқа жасөспірімдер тарапынан буллинг және құқық бұзушылық белгілері бар балаға қарсы басқа да әрекеттер анықталды. Зерттеудің және жүргізілген терапияның барлық нәтижелері және ұсыныстар, оның ішінде баланың психологиялық картасы Білім басқармасына берілді.

Авторлық «Психологиялық проблемалардың барлық түрлерін шешуге арналған «Genesis» жедел психотерапиялық тәсілін» «Genesis Verae» психотехнология орталығы» ЖШС әзірледі. Қазақстан Республикасында кеңінен қолданылатын болса, халықтың әлеуметтік-психологиялық экологиясын едәуір жақсартуға, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға және жеке тұлғаға өзінің өмірінің барлық салаларында дамудың жаңа деңгейіне жетуге мүмкіндік беруге болады.

Авторлардың алдында тұрған негізгі міндет – психологиялық азап пен әлеуметтік бейімсіздікті тудыратын қиын өмірлік жағдайға түскен адамдарға психотерапиялық араласуды қысқа мерзімде қамтамасыз ете алатын психотерапиялық тәсілді құру болды. Психологиялық мәселелердің барлық түрлерін шешуге арналған «Genesis»  тәсілі мидың нейрофизиологиясы ілімдеріне негізделген, адамда азап тудыратын психологиялық құрылымдар шоғырланған бейсана деңгейінде жұмыс істейді. «Genesis» тәсілінің айрықша ерекшеліктері: әсер етудің «психохирургияға» тең келетін нүктелілігі, сонымен қатар экологиялық тазалығы, тиімділігі, көмектің жеделдігі, үрдістің динамикалылығы, көп міндеттілігі, жан-жақтылығы, психологиялық мәселелердің және аласұру күйлерінің барлық түрлерінің тапсырмаларын шешуі, балалармен де, ересектермен де жұмыс істеуі, көзбе-көз де, онлайн режимінде де, телефон байланысы арқылы да адамның тез өзгеруіне және жеке өсуіне мүмкіндік беруі.

«Genesis» тәсілі мақсатты аудиторияның проблемаларына негізделе отырып мақсаттарды белгілейді. Осы әдіс бойынша оқытылған психологтар психикалық денсаулық пен өмір сапасын жақсарту үшін ересектер мен балаларға жоғары кәсіби, сапалы және тиімді психологиялық-психотерапиялық көмек көрсете алады. «Генезис» тәсілі өмірлік қиын жағдайға тап болған, психологиялық проблемалары бар, психотравмалардан кейінгі дағдарыстық психологиялық күйге тап болған, зорлық-зомбылық пен қатыгез қатынасқа ұшыраған адамдарға, аутодеструктивті, соның ішінде суицидтік және девиантты мінез-құлыққа ие, психикалық аласұру күйдегі адамдардың жеке трансформациясын дамытуға теңдей тиімді көмектеседі.

«Genesis»  жедел психотерапиялық тәсілінің» авторлары Дәненова Жанар мен Құрматай Шұрабеков осы тәсілдің ерешеліктері туралы кейбір сұрақтарға жауап берді. «Genesis» тәсілі арқылы психологиялық көмек көрсету жоспарланған мақсатты аудиторияның негізгі проблемалары қандай? Өкінішке орай, қазіргі уақытта жеке тұлғаға, әсіресе балаға қатысты зорлық-зомбылық (барлық көріністерінде) Қазақстанда өткір проблемаға айналуда. Үкіметтік емес ұйымдардың арқасында зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстардың фактілері көбірек жариялануда. Өздерін қорғай алмайтындықтан жәбірленушілердің көбі балалар болуда. Қазақстан Республикасының зорлық-зомбылық туралы заңдары балаларды қорғау бойынша іс-әрекеттердің нақты алгоритмдерін бермейді, ал атқарушы құрылымдарда, оның ішінде құқық қорғау органдарында зорлық-зомбылыққа тап болған балаларға көмек көрсету бойынша өз міндеттерін орындаудың нақты ережелері жоқ. Мұның бәрі ересектер мен балалардың суицидке дайындығына алып келіп, бұл өз кезегінде Қазақстан үшін қайтадан өзекті болып отыр.

Жұмысымызда біз үнемі адам қайғысымен, әсіресе баланың қайғысымен жиі кездесіп тұрамыз. Біз халқымызға шынымен көмектескіміз келді және оны жүзеге асырудың жолын ұзақ іздедік. Бес жыл бұрын біз жаңа инновациялық «Психологиялық проблемалардың барлық түрлерін шешуге арналған «Genesis» жаңа жедел психотерапиялық тәсілін» жасап шығардық. Осы уақыт ішінде біз оның өмірге қабілеттілігін растау үшін бірнеше мың консультациялар өткіздік және оны ғылыми диссертацияларда дәлелдедік. 2019 жылы біздің «Genesis» тәсілімізді «Қазақ Психологиялық Қоғамы» АҚБ мойындады және тәсілдің авторлық құқығына ие болдық.

«Genesis» тәсілі Қазақстанда қашаннан бері қолдануылуда? Жалпы білім беретін мектептердің, колледждердің және аудандық емханалардың психологтарын оқыту бойынша алғашқы пилоттық жоба 2018-2019 жылдары өтті.  ЮНИСЕФ бағдарламасының тестілеуі арқылы мектептердегі және колледждердегі суицидтік оқушыларды анықтағаннан кейін 6 ай ішінде психологтарды оқыттық. Сол кезде бізде «Психологиялық проблемалардың барлық түрлерін шешуге арналған «Genesis» жаңа жедел психотерапиялық тәсіліне» авторлық құқық әлі болмады, бірақ дәл оқыту кезінде тестілеуде анықталған барлық суицидке бейім балаларға, зорлық-зомбылық көрген және қиын өмірлік жағдайларға тап болған ересектер мен балаларға психотерапиялық интервенцияны өткіздік. Біз «Genesis» тәсілі бойынша барлығы 187 психотерапиялық интервенция өткіздік. Бұл жұмыс «ERSAI Caspian Contractor» компаниясының қолдауымен «Орталық Азияның Еуразия Қоры» КҚ-ның Маңғыстау облысындағы «Бірге оқимыз!» жобасы аясында өтті.

2019 жылдың қаңтарында «Жанұя» отбасын қолдау орталығы» ҚҚ-мен серіктестікте автоматтандырылған «Ресурс» бағдарламасы бойынша анықталған Алматы облысының Іле және Қарасай аудандарындағы «қызыл аймақтағы» 185 баламен 246 психотерапиялық интервенция жүргізілді. 2021 жылғы қайта тестілеудің нәтижесінде «Genesis» тәсілі бойынша психотерапиялық интервенция жүргізілген оқушылардың бірден-бірі «қызыл зонаға» түскен жоқ.

«Genesis» тәсілінің негізгі артықшылықтары қандай? Және тәсілдің кемшіліктері бар ма? Тәсілдің кемшіліктері туралы ештеңе айта алмаймыз. Одан бөлек біз әрдайым «Genesis» тәсілінің жаңа артықшылықтарын табудамыз. Біздің клиенттеріміздің көпшілігі бізді өз жетістіктерімен қуанту үшін бізбен байланыс үзбейді. Біз «Genesis»  тәсілімен дербес терапия аяқталғаннан кейін де тұлғаның трансформациялық өсуі үздіксіз жүреді деп ойлаған жоқпыз. Қазіргі балалар психологтарға психологиялық проблемаларын айтады ма? Балалармен жұмыс істеу өте оңай. Бірде-бір бала бізбен жұмыс істеуден бас тартқан жоқ. Бір ғажабы, біз балалардың өз-өзіне көмектесуге деген ұмтылысын байқадық. Қазіргі балалардың саналылығы тәнті етеді және сыйлауға лайық. «Қызыл аймақтың», соның ішінде суицидке бейім балалар өмірде кездескен барлық қиындықтарға (жақын және олар үшін беделді адамдар тарапынан да физикалық, жыныстық, психологиялық зорлық-зомбылық, ұрып-соғу, жазалау, қорлау және т.б.) қарамастан көмектескісі келетін жандарды, яғни бізді көре алды және бұл көмекті ықыласпен қабылдады.

Біздің елде психологтарға деген скептикалық көзқарас әлі де бар екені рас па?Психологтарға деген скептикалық көзқарастың бар болуы сөзсіз. Барлық мәселе психологтардың өздеріне, яғни олардың біліктілігіне келіп тіреледі. Біз өзіміз психологтардың өздері абьзер рөлін атқарған сәтсіз психологиялық консультациялардан кейін көп жұмыс жасадық. Кейбір психологтарда жеке және кәсіби құндылықтар қалыптаспаған немесе жоғалтылған. Кейбір психологтар бұл кәсіпке кездейсоқ келген. Қазақстанда халықтың психологиялық әл-ауқатын реттейтін заң жоқ және психологиялық кеңес беруді негізгі білімі жоқ, дайындалмаған, практикалық психологиялық жұмысқа біліктілігі жоқ адамдар жүргізеді.

«Qolda» жедел көмек бағдарламасы сіздің жобаларыңызды жүзеге асыру үшін берген мүмкіндіктері туралы айтып беріңізші. Алматы облысының 5 ауданында балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтік тенденциялар жоғары. «Qolda» жедел көмек бағдарламасы осы аудандардың біріндегі орта мектеп психологтарын біздің авторлық «Психологиялық проблемалардың барлық түрлерін шешуге арналған «Genesis» жаңа жедел психотерапиялық тәсілі» психотехнологиясына оқытуға мүмкіндік берді.

Біз тек жобаның ортасындамыз, бірақ «Ресурс» автоматтандырылған бағдарламасының тестілеуі бойынша «қызыл аймаққа» түскен мектеп оқушыларының ата-аналарынан,  сондай-ақ, психотерапиялық интервенциядан өткен ауданның тұрғындары мен психологтардың әріптестерінен де «Qolda» жобасы бойынша оқып отырған психологтар қазірдің өзінде керемет пікірлер алуда. Біздің тәсіліміз бойынша жасалған жұмыстан кейінгі ата-аналардың пікірлері: Мен Д. Арманның әжесімін. Менің немерем үйден қашып кетіп, мектеп психологымен хабарласты. Өзінің қайда екенін және өзіне қол жұмсағысы келетінін айтқан. Психологпен жұмыс жасағаннан кейін менің немерем өзгерді. Қазір немереммен арамыз жақсы. Психолог Узаева Салтанатқа жасаған жұмысы үшін алғыс айтамын.

Мен Т. Лунараның анасымын. Менің қызым тез ашуланып, ренжіп қалатын. Мектеп психологымен жұмыс жасағаннан кейін менің қызым жақсы жаққа өзгерді. Мектептің әкімшілігі мен психологқа алғыс айтамын. Сымбат, саған жеке сенің өткізген “Genesis” сеансыңа алғысым шексіз. Сенің шеберлігіңе, өз мамандығыңның керемет иесі екеніне еш күмәнім болмады, сенімім мол болды. Әрі сенімім өсті де. Біздің елге осындай білікті, өз ісімен сүйіспеншілікпен айналысатын тұлғалар өте қажет. Әсіресе қазіргі өзгерім заманында ауадай қажет. Мен сол тізімде біріншілер қатарында тұрғаным да мені қуантады. 

Сенің әрбір сеансыңнан соң сондай жеңілдік. Роза Қанатқызының жұмысын жоғары бағалаймын. Ол қолайлы атмосфера орната алды. Өз ісінің шебері. 

Жанар Нурмақанқызы ДӘНЕНОВА,
«Genesis Verae» психотехнология орталығы»

ЖШС директоры; Жоғары санатты психиатр
(нарколог, психотерапевт, сексопатолог,
медициналық психолог, сот-психиатриялық
сарапшы, сот-наркологиялық сарапшы); 
Психология магистрі; Аккредиттелген халықаралық

тренер; Эриксондық гипноздың гипнотерапевті;
Полимодальды экспресс-психотерапевт;
Нейро-лингвистік терапияның терапевті;
Дағдарыс және төтенше жағдайлар кезіндегі
психологиялық көмек маманы; Психологиялық
проблемалардың барлық түрлерін шешуге арналған
«Genesis» жедел психотерапиялық тәсілінің авторы;
«Қазақ психологиялық қоғамы» АҚБ мүшесі;
«Ұлттық медициналық қауымдастық» АҚБ мүшесі.

Құрмантай Серікұлы ШҰРАБЕКОВ,
Қазақ психологиялық қоғамы» АҚБ вице

президенті; Психология магистрі; Аккредиттелген
халықаралық тренер; Клиникалық психолог;
Эриксондық гипноздың гипнотерапевті;
Нейро-лингвистік терапияның терапевті;
Дағдарыс және төтенше жағдайлар кезіндегі
психологиялық көмек маманы.

Сұхбатты жүргізген –
Назгүл КАМАЛИ,
“QOLDA” бағдарламасының
коммуникация жөніндегі маманы

«Qolda» жедел көмек бағдарламасын Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) «Шеврон» компаниясымен серіктестікте жасады. ОАЕҚ – аймақта 2005 жылы құрылған қоғамдық ұйым, жергілікті қоғамдастықтарды нығайту және азаматтық және экономикалық әл-ауқатты арттыру арқылы азаматтарға өз болашағын құруға белсенді қатысуға көмектесе отырып, мемлекеттік және жеке ресурстарды жұмылдырады.

Шеврон корпорациясы – 100-ден астам елде және мұнай-газ саласының бүкіл спектрінде жұмыс істейтін әлемнің ең ірі интеграцияланған энергетикалық компанияларының бірі. Сонымен қатар, компания жаңартылатын энергия көздері мен озық технологияларды дамытуға инвестиция салады. «Шеврон» компаниясы Қазақстандағы жетекші жеке мұнай компаниясы және елдің ең ірі екі кен орнында – Теңіз және Қарашығанақта айтарлықтай акциялар пакетіне ие. Корпорация сонымен бірге Каспий Құбыр Консорциумының ірі жеке акционері болып табылады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий