Silkway Халықаралық университетіндегі ғылыми семинар

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша мерейтойды республикалық деңгейде тойлау мақсатында концепция қабылданды. Концепцияда сәуір айы «Ғылым және технологиялар айы» болып бекітілді.

Осы орайда, ғылым және технологиялар айын атап өту мақсатында 2021 жылдың 1-ші сәуірінде Silkway Халықаралық университетінің Жас ғалымдар және СҒЗЖ ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру бөлімінің бастауымен және «Химия және биология» кафедрасы базасында, «Ғылым және өмір» Ғылыми-зерттеу институтының бірлесе отырып қолдауымен «Зертханалық құрал-жабдықтар негізінде химиялық талдаудың әдістемелері» тақырыбында ғылыми-семинар өтті. Атаулы семинардың дәріскері Жаникулов Нурғали Надырұлы (бөлім басшысы) ғылыми семинардың мақсаттарымен міндеттерін анықтап берді.

Сонымен қатар Silkway Халықаралық университет студенттері мен магистранттарына қолданбалы зерттеу әдістердің негізгі түрлері мен мүмкіндіктерін айқындап, сандық және сапалық көрсеткіштерді нақтылау болып табылады. Студенттер мен магистранттарға Қазақстан аумағындағы табиғи және техногенді қалдықтардың (өндірістік қалдықтар) бірнеше түрлерімен таныстырып, шикізаттардың химиялық және минералогиялық құрамын анықтаудың әдістерін үйренді. Рентгенофазалық әдістің мүмкіншіліктері мен рентгенограмманы линейка арқылы талдаудың қыр-сырын меңгерді.

Сондай-ақ, Covid-2019 жұқпалы аурудың таралуынан елімізде қабылданған төтенше жағдай мен пандемия салдарынан университетте білім алушы студенттер мен магистранттарға онлайн форматында білім беру  «Химия және биология» кафедрасында оңтайлы жолға қойылып отыр. Кафедра меңгерушісі т.ғ.к., аға оқытушы Тулешова К.Т. бастамасымен 10 виртуалды зертханалық жұмыстар оқу процессіне ендіріліп іс-тәжрибелік дәрістерді сапалы өтуге мүмкіндіктер беруде.  Silkway Халықаралық университетінің Президенті И.Б.Юнусовтың қолдауымен «Химия және биология» кафедрасының материалды-техникалық базасын нығайту барысында 2020-2021 оқу жылында жалпы құны 2 млн. теңгеден асатын қаржыға бірнеше қажетті құрал-жабдықтар алынды.

Атап өте кетсек: визкозиметр, колбажылытқыш, спектрофотометр, зертханалық центрифуга, фармацевтикалық мұздатқыш, зертханалық пробиркалар және тағы да басқалар. Осы орайда, болашақ жас талапкерлер мен оқушыларымызды Silkway Халықаралық университетіне сапалы білім мен жоғары биік мансапқа бірге жетуге шақырамыз.

Нұрғали Надырұлы ЖАНИКУЛОВ,
Silkway Халықаралық университеті жас
ғалымдар және СҒЗЖ ғылыми зерттеулерді
ұйымдастыру бөлімінің басшысы, PhD
 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий