Қызылорда – НЗМ: Бәріне бірдей мүмкіндік

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі және Педагогикалық шеберлік орталығы бірлесіп аймақтағы №5,6,7 арнаулы мектеп-интернаттарының мұғалімдеріне вебинар ұйымдастырылды. Жиын басында сөз алған Педагогикалық шеберлік орталығының әдіскері Ерболат Оспанов инклюзивті білім берудің жаңаша тұстарынан ақпарат беріп, ерекшеліктерін талдап көрсетті, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, мұндай білім беру жүйесінде кездесетін қиындықтар мен мәселелерге тоқталып, оның шешу жолдарын ұсынды. Аталмыш жиында Назарбаев зияткерлік мектебінің педагог- ұйымдастырушы-кураторлары Гүлзат Шынтасова мен Ақбота Жұмабаева тәрбие саласындағы бірқатар жұмыстарды, оның ішінде ата-анамен жүргізілетін жұмыс формаларына тоқталды. Жеке, топтық, ұжымдық деп үш топқа бөліп қарастыра отырып, ата-аналар жиналысын тиімді өткізу, ата-аналар мектебін құру, отбасылық іс-шараларды ұйымдастырудың оңтайлы жолдарын ұсынды.

Сонымен қатар, ерекше жағдайды қажет ететін оқу орындарына бейімдеп өткізуге болатын әдіс-тәсілдерімен де бөлісіп, тәжірибе алмасты. Қырықтан аса мұғалімдер қатысқан вебинарда ұйымдастырушылар қатысушыларға әрдайым әдістемелік көмек көрсетуге ашық екендіктерін жеткізді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий