Мамандығы мақтаныш: Ұстаз – ұлық емес, ұлы  қызмет

Ұстаз – ұлы тұлға. Ал оның еңбегі – өлшеусіз, баға жетпес құндылық. Ұстаз еңбегінің арқасында әкім де, қара да, ғалым да, дарын да, бәрі-бәрі өз биіктеріне көтеріле алды. Олар ұстаз салған сара жолмен жүріп, ол нұсқаған сүрлеумен ғана ілгері басты. Қазіргі таңда білім саласында жаңашыл өзгерістер көп. Педагог мәртебесіне ерекше көңіл бөлініп, іс-тәжірибесін тарату қолға алынды.

«Жыл мұғалімі», «Үздік педагог» байқаулары арқылы еліміздің білім мен ғылым саласындағы кәсіби мамандары мен үздік ұстаздарды марапаттау шараларын тұрақты түрде ұйымдастыруға мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлініп, жергілікті атқарушы биік құрылымдары жан-жақты қолдау мен көмек көрсетуде. Бұл бағытта алматылық ұстаздардың шаһар басшылығына айтар алғысы шексіз.

Осы орайда қала әкімдігінің  (19. 05. 2020 ж, № 2/161) қаулысына қосымша хатына орай «Жыл мұғалімі – 2021» Ережесіне сәйкес төртінші тур бойынша мектепішілік лицей ұстаздары арасында байқау ұйымдастырылды. Белгіленген талаптардың негізінде арнайы комиссия құрамы бекітіліп, үміткерлер онлайн түріндегі сынаққа қашықтан қатысты. Байқауға төрт әдістемелік кафедраның төрт мұғалімі бағын байқап, нәтижесінде қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Аманов Нұржігіт бас жүлдені жеңіп алды.

Алғашқы кезең бойынша мұғалімдердің портфолиосын зерделеу алдын ала нұсқаулар негізінде тексеріліп, нәтижесінде Нұржігіт Бердібекұлының портфолиосы топжарды. Кезекті турдың «Менің инновациялық педагогтік тәжірибем» айдарымен таныстырылымында сапалы білім, саналы тәрбие бағытындағы жетістіктері мен нәтижелері және педагогтық-жаңашылдық ұстанымы көрсетілген бейнебаяны ұсынылып, әділ-қазы мүшелері тарапынан жоғары бағаға ие болды.

Үшінші және соңғы турлар бойынша «Сабағым – мұғалімнің кәсіби тұжырымымның айнасы» айдарымен ашық сабағы және «Мен елімнің патриотымын»  айдарымен тәрбие сағатын наурызды айында лицейде оқып жатқан кезекші сыныптар 9-сыныптармен офлайн форматта ұйымдастырды. Оқу-тәрбие ұштастығы тығыз байланыстырылған ашық сабақ пен тәрбие сағаты замануи бағыттағы жаңашылдықтың жаршысы іспеттес ерекше үлгіде көрінді. Ұстаз мектепте оқу-тәрбие саласында бірнеше жоба мен бағыттардың авторы әрі жетекшісі.

Қала мен республикалық деңгейдегі байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Лицейдің оқу-тәрбие саласына барынша үлесін қосып келеді. Ол көркем сөз әлемі» жас ақындар үйірмесінің және «Алдаспан» театрының жетекшісі, республикалық-ақпараттық «Мезет» атты төл журналымыздың редакторы. Әрі заманауи бағытта безендірілген «Абай әлемі» залының авторы ретінде танымал. Түрлі театр қойылымдарының сценариін жазған білімді де, білікті ізденімпаз, шығармашыл ұстаз аудандық байқауға қатысуға жан-жақты дайындық жұмыстарын жүргізуде. Сондықтан әріптесімізге ұжым атынан сәттілік пен ақ жол тілейміз!

С.А. Ходжиков атындағы №39
мамандандырылған лицей әкімшілігі,
Алматы қаласының Алмалы ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий