Мәңгілік мұрат: Тәуелсіздік – тұғырлы бол!

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Бүгінгі кезең байырғы бабаларымыздың орындалған шұғылалы арманы, сарғайып күткен сағынышы. Сондықтан баянды бақытымыздың арнайы әңгімеге үздіксіз тиек боларлықтай ұлы тақырып екендігін қазіргі ұрпақ ешқашан естен шығармауы керек. Еліміздің еркіндіктің бесігінде тербелгеніне де биыл отыз  жыл. 

1991 жылғы желтоқсан айының 16-ы күні саяси және экономикалық дербестік туралы тарихи құжатты қабылдаған жұртымыз қазіргі кезде халықаралық қауымдастыққа шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет оетінде кеңінен танылды. Тәуелсіздік алған күннен бастап, тынымсыз еңбек, үлкен талаптың арқасында іргесі қаланған егемен еліміздің  ішкі және сыртқы әлемі, экономикасы, ақшасы деген секілді көптеген құндылықтарды жүзеге асыру мақсат етілді. Көздеген мақсатымызға жеттік десек те болады.

Өз теңгемізді айналымға енгізіп, әнұранымызды қайта жазып, оны түрлі әлемдік деңгейдегі спорттық, өнер саласындағы жарыстарда ел мақтаныштары әлемнің түкпір түкпірінде шырқатып жүр, көк туымыз желбіреуін тоқтатқан емес. Астанамызды да ауыстырып, апорт қаламыз Алматымызды мәдениет ошағына айналдырып үлгердік. Туризм мекені Көкшетауымыз, жұмбақтасымызбен талайды таң қалдырсақ, рухани астанамыз Түркістан жанарларды жаулайды. Тәуелсізідгіміздің 20 жылдығында Қазақстан  тұңғыш рет VII Қысқы Азиада ойындарын өткізді. 2017 жылы Универсиада ойындары мен қатар әлемдік Expo көрмесіде елімізде болып өтті.

Осының бәрі тәуелсіз елдің мақтанышы деуге болады. 30 жылдың ішінде бір мемлекетке жетерлік іс тындырылды және жүзеге асырылды. Осылайша дамыған елу елдің қатарына кіреміз деген мақсатымызға да жақындап келеміз. Теңеуі жоқ тәуелсіздіктің айтары көп. Шағын мақалаға бәрін сыйғызу да әсте мүмкін емес. Қорытындылай айтқанда осы мәңгілік мұратқа жеткізетін құндылықтың қадірі біліп, қастер тұтумен қатар барлық бағыттағы іргелі істердің ілгері дамуына үлес қосу баршамызға басты міндет.

Қазақ хандығынан бастап берісі тәуелсіз елдің іргесіне дейінгі көшті жалғастырып келе жатқан, атадан тараған ұрпақтың парызы. Жаңа ғасырдағы тайталаста бәсекеге қабілеттілігімен әлемді мойындатқан озық елдердің қатарынан көрінейік. Тәуелсіздігіміздің тұғырын биіктету жолындағы берекелі бірлігіміз бекем болсын!

№91 жалпы білім беретін мектептің
әкімшілігі, Алматы қаласы, Алатау ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий