Пікір-сайыс: Сапалы білім – саналы ұрпақ

Ел болашағы жастардың қолында екенін ескерсек, тәуелсіз мемлекеттің тірегі болатын жан-жақты өнер иесі болу мен қатар білімді, заманауи технологияның тілін меңгерген, өз ісін жетік білетін қабілетті мамандарды дайындау әрбір білім беретін оқу орындарының негізгі міндеті.

Біздің жоғары оқу орнында студенттерді оқу, біліммен қатар тәрбиеге, отансүйгіштікке, бәсекеге қабілетті маман болып қалыптсауына, өз ойын еркін жетік, дәлелді жеткізе білетін жастарды дайындау мақсатында біршама жұмыстар атқарылуда. «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының меңгерушісі К. Калыбекова және  кураторлары К.Хамзина, М.Оспанғалиева, Г.Сагатова, Л. Кулейменова, аға оқытушы К. Нуржановалардың  бастамасымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай еліміздегі жоғары оқу орындары студенттері арасында «Google meet» онлайн форматында «Сапалы білім – саналы ұрпақ» тақырыбында республикалық пікір-сайыс турнирі ұйымдастырылды.

Бұл байқауға Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Алматы, Павлодар, Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалаларындағы студенттерден құралған 24 команда қатысып, бақтарын сынады. Басты мақсат пен негізгі міндет жастардың еліміздегі патриоттық бағытта жүзеге асырылып жатқан игі істер мен айтулы шаралар, бағыттар туралы түсініктерін кеңейту; екі жақты позицияда студенттердің сөз жарастарына қатыстыру барысында оларды объективтілік, пікір алуындағы елжандылық, принципшілдік қасиеттерге тәрбиелеу; ел жастар арасындағы белсенді азаматтық позицияны қалыптастыруға бағытталған.

Әр команда берілген тақырып аясында өз ойларын нақты дәлелдермен жеткізе білді. Қай қоғамда болмасын саналы ұрпақ қалыптастыру үшін сапалы білім беруді басты жолға қою қажеттілігі баса айтылып, үміткерлер жоғары дайықтықпен келгендерін дәлелдеді. Қорытынды кезеңде төрешілердің шешімдеріне сәйкес жеңімпаз атанған топтарға І, ІІ, ІІІ дәрежелі, «Үздік спикер», «Үздік төреші» дипломдары табысталып, барлық қатысушылар ҚарТУ атқарушы директоры А.Исагуловтың Алғыс хатымен марапатталды.

Бірінші орын – «Өзіміз ғой» фракциясы Қарағанды экономикалық университеті – 30 000 теңге. Екінші орын – «У» фракциясы Қарағанды экономикалық университеті – 20 000 теңге. Үшінші орын – «Өзің тупой» фракциясы Павлодар педагогикалық университеті –15 000 теңге. «Үздік спикер» – Мадияр Амангелді 10 000 теңге. «Үздік төреші» – Нұрсұлтан Зікрия 10 000 теңге. Пікір-сайыстың 6 төрешісіне – 18 000 теңге.

Лайла КУЛЕЙМЕНОВА,
ҚарТУдың ҚТжәнеМ кафедрасының
оқытушысы, п.ғ.м.
Меңдігүл ОСПАНҒАЛИЕВА,
ҚарТУдың ҚТжәнеМ кафедрасының
оқытушысы, п.ғ.м, Қарағанды қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий