Жас қалам: Облыстық байқаудың жүлдегері

Талантты журналист, қарымды қаламгер, танымдық дүниелерді қаламына тақырып еткен жалынды публицист, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, өңір тарихын зерделеуші Жанат Тұрғанбекұлы атындағы облыстық шығармашылық байқауға мектебімізден екінші жыл қатарынан оқушылар қатысып, топжарып жүр.

Биылғы жылы бақ сынаған қос үміткеріміз 11 «Б» сынып оқушысы Рахима Сапарғалиева мен 10 «А» сынып оқушысы Меруерт Жұмажан Меруерт шығармашылық байқауға сатира жанрында жазылған әзіл – сықақ әңгіме және өлең шумақтарын арнады (жетекшілері «Туған өлкенің дара тұлғалары» үйірме пәні мұғалімі Р.Кульмаганбетова). Аймақ бойынша жалпы білім беру ұйымдарының 9,10,11-ші сынып оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, 29 жасқа дейінгі жастар қатысқан жобада «Баянтау» газетінің арнайы жүлдесін Меруерт Нұрбақытқызы жеңіп алды!

Қарымды қабілеті бар талант иелеріне қолдау көрсету мақсатында тырнақ алды уындыларын насихаттау арқылы қалың оқырманға таныстыруды көздеген байқауды ұйымдастырушылардың арнайы өкілдері мен танымал тұлғалардан жасақталған әділ қазылар алқасының құрамымен таныстырсақ. Арман Қани – ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Алаш» мемлекеттік сыйлығының иегері, қазылар алқасының төрағасы. Ғалымбек Жұматов – ақын, прозашы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. Социал Әйтенов – Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ардагер журналист, облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы.

Асығат Тұрғанбекталантты журналистің өмірдегі інісі, өнердегі ізбасары елімізге белгілі айтыскер ақын. Асыл Әбіш – ақын, «Найзатас» журналының редакторы. Алпысбай Хонж – сатирик, «Алтын қалам – 2020» халықаралық байқауының жүлдегері. Арнайы жүлде тағайындаған Баянауыл аудандық «Баянтау» газетінің редакторы Қабділәшім Еламан Хасенұлы жүлдегер атанған оқушымызды Алғыс хатпен марапаттап, ақшалай сыйлықты табыстады.

Жанат аға
Бала ақын боп танылдың жастайыңнан,
Жарық жұлдыз көрген ел маңдайыңнан.
Қиялы жүйрік, ойы асқақ, талабы зор.
Қанат қақтың Баянауыл баурайынан.

Әзіл-ысқақ, ұшқыр ой қаламалдың.
Мұхамеджан, Қайыржан ағаларым,
«Қызыл ту» газетінде жарық көрген
Алғашқы өлеңді оқып бағаладың.

«Бойында оянбаған таланты бар»
Жастарды қолдап әркез бағаладың.
«Толғақты мәселені» дер кезінде,
Еліңе жанашыр боп жаза алдың.

Сағынған дос жаран бар, әріптесің,
Сағынған елің барда, қадірлі ерсің.
Сағыныш тек сарғайған газетте емес,
Сағыныш қазақ деген жүректесің.

Сол ұрпақтың атынан тілдесейін,
Дара жолыңды оқып бір үндесейін.
Қалдырған мұраңнан көп тәлім алып,
Сіз салған жолмен жүріп күн кешейін.

Қарымды қаламгерім, ақтаңгерім,
Жақсы іс көрсең дәйім жақтап едің.
Жадымызда мәңгі өшпес із қалдырған,
Қазағыма қашанда мақтаулы ерім.

Меруерт ЖҰМАЖАН

Ақ кеме
Кемел ойдан жасалған аппақ кемесіз,
Сол кемеде алға жүзіп келеміз.
Себебі сіз жалындаған жастықтың,
Жанарында қалған жарқын бейнесіз.

Тарих пенен шежірені терең біліп өстіңіз,
Мол мұраны қалдырумен кейінге үлес қостыңыз.
Бақи ағам сіздің жарқын бейнеңді жырға қосқандай,
«Құйма құлақ, аталы сөз» иесі боп қалдыңыз.

Жақсы ағам, жас ұрпақты өлең жолға бастаған,
Дарындардың жолын ашып, талаптыны баптаған.
Әзіл-ысқақ өлеңдер мен сатиралық әңгіме,
Барлығы да үйлесімді ел сенімін жақтаған.

Жассың ағам, жарық күнсің жарасқан,
Өзіңменен «Жассың демей жасы үлкендер санасқан».
Жас қаламгер қаламынан өткір ойлар төгіліп,
Шәкәрімді жастап оқып, Абайменен сырласқан.

Рахима САПАРГАЛИЕВА

№18 жалпы білім беретін орта мектептің
ұжымы, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий