Керек кеңес: Өзіне қол жұмсау – қиындықтан құтылудың жолы емес

Суицид – адамзат басына төнген ортақ қауіп. Бұлай демеске амалымыз да жоқ. Осы мәселені негізге алған біздің білім ордасы мектеп басшылары мен  психологтарға арналған аудандық «Суицид және жасөспірім» атты семинар ұйымдастырды.  Өкінішке орай, қазіргі қоғамдағы, өмірімен есеп айырысуларды жүзеге асыру нысаны өте жиі болып табылады.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, жасөспірімдердің 10-24 жас аралығындағы жастары жеткіншектердің  қауіпті жас кезеңі болып саналады. Әлем бойынша әр 40 секунд сайын бір адам өз – өзіне қол жұмсаса, дәл осы суицидтің кесірінен жылына 800 000 жан өмірімен қоштасып кете барады. Салыстырмалы түрде айтқанда белгілі бір қалада 800 000 тұрғыны бар десек, бір жылда бұл қала тұрғынсыз қалуы ықтимал. Өзіне өзі қол жұмсау статистика себептерін талдай келе суицидалды жағдайға мына төмендегі  мәселелер итермелеуі мүмкін.

Жасөспірімділік дағдарыс; достарымен ренжіскенде; оқу үлгерімі төмен болғанда; отбасы тарапынан түсінбеушілік; жалғыздық; жауапсыз махаббат; кибербулинг; жанжалды әрі немқұрайлы отбасы. Семинар  барысында  мектеп басшылары мен мектеп  психологтар  арасында «Неліктен дәл қазіргі таңда суицид көбейіп кетті?» деген  сұраққа жан – жақты   талқылау жүргізіліп ортақ жауап  іздестірілді. Осы уақытта жеңілден ауырға қарай  мектеп не істей алады? Және отбасы не істеу керек? деген екі сұрақ туындады.

Алғашқы сауалға мектеп тарапынан әртүрлі семинарлар, сұрақ – жауап  сауалнамалар, эссе, сурет салу, ойын – тренинг, жаттығулар, бейнероликтар сонымен қатар «Жеткіншек  жастағы балалардың  тұлғалануын қалыптастыру және жетілдірудің психологиялық  бағдарламасы» бойынша мектеп психологы Гүлмира Шералиева 6-7-8 сынып  оқушыларымен атқарылған жұмыстары жөніндегі ойымен бөлісті. Зульфия Нурманова жасөспірім сөйлесетін екі негізгі қоғамдастық ол-мектеп және отбасы екендігіне тоқталды.

Және отбасы нені істеу керек, нені жасауға болмайды деген қағидалармен таныстырды. Ата – ана тарапынан  жасөспірімдердің  мінез – құлқының ауытқуының себеп салдарын, баланың  мектептегі достарымен  қарым – қатынасын және де  баласының  сабаққа деген қызығушылығын қадағалап,  алдыға қойған мақсаты мен жоспарын танысу арқылы талқыға салудың және баламен  әрдайым  тіл  табысудың маңыздылығын жеткізді.

Жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу психологиядағы  ең маңызды мәселелердің бірі болып табылса,  уақтылы психологиялық көмек және жақсы қарым қатынас көрсете білу қолдаудың бір саласы болып табылады. ҚР Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев «2021 жыл Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау» жылы деп жариялануына байланысты. «Бірге оқиық» аудандық бағдарламасын іске асыру мақсатында  Марике Нийкамп «54 минуты. У всех есть причины бояться мальчика с ружьем» атты психологиялық жанрдағы кітапты оқып, семинарға қатысушылармен пікір алмастым.

Мектеп басшысының басты міндеті баланың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі. Оқушылардың өмір қауіпсіздігін алдын алу мақсатында суицидпен күресу арқылы бұл мәселені түбегейлі жоймағанымызбен, салдарын азайтуға әбден болады. Егер адамдар жасөспірімнің осындай мінез-құлқына тап болса, онда олар байқаған сәттен бастап оған назар аударып, көмек көрсетіп, орын алуы ықтимал жағдайлардың алдын алу үшін жасөспірімдердің іс-әрекеттеріне көбірек көңіл бөлуіміз керек. Сөзімді «бала біздің болашағымыз, болашақты қорғау біздің қолымызда»,- деген халық даналығымен түйіндегім келеді.

Гульшат Жаксылыковна МОЛДАБАЕВА,
№151 ЖББМ директоры. Алматы қаласы,
Алатау ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий