Бірінші сыныпқа қабылдаудың алғашқы күні 8 124 өтініш келіп түсті

Сәуір айының 1-і күні алты жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6-ға толатын балалардың құжаттарын бірінші сыныпқа қабылдау басталды. Құжаттарды қабылдаудың алғашқы күні 8 124 өтініш келіп түскен, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Өтініштерді қабылдау электронды форматта egov.kz арқылы жүргізіледі және 1 тамызға дейін жалғасады. Мектепке түсу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет: ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар); баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; баланың денсаулық жағдайы туралы құжат (бала денсаулығы паспорты, 063/у нысаны бойынша медициналық анықтама); 3-4 көлеміндегі 2 фото. 2021-2022 оқу жылы 1-сыныпқа 340 мыңнан астам бала қабылдау жоспарланып отыр.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий