Қорқыт университеті: Алаштың алыбына арналған айқас

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында алаштың алыбы Қажымұқан Мұңайтбасұлының 150-жылдығына арналған қазақ күресінен студенттер арасында ашық біріншілік ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі. Батырлар алаңында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Болашақ университеті мен колледжі және Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің палуандары күш сынасты.

 

 

Сайыстың ашылу салтанатында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Стратегиялық даму және қаржы жөніндегі проректоры Нұрлан Уразбаев даңқты балуан Қажымұқанның аты мәңгi есте қалатынын айтып, бүгiнгi iзбасарларына жолын берсін деген игі тілегін білдірді. Боз кілемдегі бәсекеде 40 қа жуық палуандар 60 кг, 66 кг, 74 кг, 82 кг, 90 кг  салмақ дәрежесінде сынға түсті.

Әр салмақ дәрежесі бойынша жүлделі орындарға ие болған палуандар дәрежелі дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Аталған оқу орындарының барлығы да өз мықтылықтарын дәлелдеп, күштері тең түсті десек артық емес. Тартысты өткен шара барысында жас спортшыларымыздың көзінде жалындаған от пен жеңіске деген ұмтылыстары болашағымыздан зор үміт күттіреді. Жас спортшыларымыз биік шыңдарды әлі талай бағындырары сөзсіз.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий