Білікті басшы – қоғам көшбасшысы

Бұл кейіпкер шыдамдылық пен табандылықты өмірлік ұстанымы ретінде қабылдаған жайсаң жан. «Білім-ырыстың тізгіні» деген қағиданы жанына серік ету арқылы жүрек түкпіріндегі білім, ақыл, талап сынды асыл қасиеттерінің арқасында ширек ғасыр ұйымшыл ұстаздар ұжымын біліктілікпен басқара білгені үшін абыройы асқақтаған танымал тұлға.

Мектебіміздің мәртебесін биіктетіп, халықаралық деңгейге жеткізген директорымыз Нұргүл ұстаз Утеулинаны баршамыз әрдайым  мақтан тұтамыз. Нұргүл Жұмаділқызы 1960 жылы дүниеге келіп, 1982 жылы Қостанай педагогикалық институты биология пәні мұғалімі мамандығын тәмамдады. Ол үнемі тарихта ашылар болашақтың парағында  үнемі алға жылжып, дамып, өсіп отыруды көздейтін, саналы ғұмырында ізденісін тоқтатпайтын, өзгелер қолдау үшін әркез шынайы бола білетін, демократиялық басқару стилімен, басшылық етіп отырған ұжымға деген қатынасымен, біліктілігімен, табандылығымен ерекшеленіп келеді.

Осы қасиеттерінің арқасында шығар іргетасы бастауыш болып 40 бала төрт пән мұғаліммен қаланған шағын шаңырақ бүгінгі таңда үш жүз оқушыға дәріс беретін елуге жуық ұстазбен толығуы арқылы іргелі білім ордасына айналды. Әрбіреуіне дұрыс тәсіл, адамдардың қызметіне әділ баға бере отырып, олардың кәсіптік міндеттеріне қатысты талапшылдығы, сондай-ақ мұғалімдердің шығармашылық бастамасын қолдауға мүмкіндік беретін іскер басшы мектеп  мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін шыңдауы мен әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларына ерекше көңіл бөледі.

Еңбегі бағаланған басшымыз жыл сайын аудан мен облыс әкімінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мақтау қағаздары мен Алғыс хаттарымен марапатталуда. Қазіргі таңда өзекті мәселе болып отырған қашықтан оқу аясында республикалық «Ұстаз тілегі» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Үздік вебинар-2020»  байқауына қатысқаны үшін Алғыс хат табысталып, республикалық «Үздік бейне сабақ» байқауында бақ сынаған 300 мың әріптестерінің арасында топжарған жеңімпаз атанды.

Республикалық және халықаралық деңгейлердегі ғылыми-практикалық және ғылыми әдістемелік конференцияларының ұйымдастырушысы әрі қатысушысы. Ол он ғылыми мақаланың, 2 оқу-әдістемелік құралдың және әдістемелік материалдарының екі электрондық жинақтың авторы. «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» және «Назарбаев зияткерлік мектебінің 10 жылдығы» төсбелгілерінне қоса «Астана 20 жылдығы» медалының иегері.

Таңдаған мамандығына кәсіби тұрғыдағы адалдықтан айнымаған ол биылғы қаңтар айында ұйымдастырылған халықаралық биология пәні мұғалімдері олимпиадасында жүлделі бірінші қатардан көрінді. «Кез келген істе мақсат көшке ілесу емес, мақсат-сол көшті бастай білу», –  деп айтқандай Нұргүл Жұмаділқызы мемлекеттік және еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтап, риясыз қызмет атқарып келе жатқан білімді де білікті және жаңашылдыққа жаны жақын басшы.

Ғаббас Жұмабаев атындағы
мектеп-гимназия ұжымы,
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий