Акция: Жақсылық жасау эстафетасы
#Қайырымды істер марафоны#”. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев волонтер жылының ресми жабылу рәсімінде ондаған мың қазақстандықтардың қайырымдылығының арқасында игі істердің жалпы ұлттық идеясы шындыққа айналғанын айрықша атап айтқан еді.
Мемлекет басшысы ел тәуелсіздігінің отыз жылдығына орай жалпы ұлттық деңгейде “30 игі істер марафонын” ұйымдастыру туралы бастама көтерді. Қазақстандықтар бұл идеяны зор ықыласпен қолдады. Сондай – ақ, біздің мектепте мейірімділік эстафетасына белсенді қатысуда. Жалпы ұлттық “30 игі істер марафоны” аясында сәуір айының 2-і күні атап өтілетін “Аутизм мәселесі туралы Дүниежүзілік ақпарат тарату күні” біздің білім ордасындағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, “Қазақстан мұғалімі – 2020” ұлттық сыйлығының лауреаты М. Жанаспаеваның жетекшілігімен 9 сынып оқушыларынан құралған волонтерлер “Жарқын болашақ” түзету қызметтері орталығына барды.
Еріктілер қуыршақ театрын ұйымдастырып, ертегі көрсетіп, балаларға ойыншықтар сыйлады. Сондай-ақ, еріктілер “Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына” сыйлықтар алды. Акция ата-аналар қоғамы мен мектеп мұғалімдерінің қолдауымен ұйымдастырылды. Осы «30 игі істер марафоны» ары қарай да өз жалғасын табуда.
Д.НУРКАСЫМОВ,
N3 ЖОББМ ДТІЖО,
М.ЖАНАСПАЕВА,
Орыс тілі және әдебиеті
пәні мұғалімі, Шығыс Қазақстан
облысының Семей қаласы