Атырау облысы: Ауыл мұғалімі – “Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы” атағын иеленді

Қазақстанда тұңғыш рет беріліп отырған мәртебелі марапатты Ақмарал Габдуллинаға Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елордада өз қолымен табыс етті. Ақмарал Ғабдуллина – Индер ауданындағы Б.Нысанбаев орта мектебінің мұғалімі, – деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.



Жоғары санатты тарих және құқықтану пәнінің мұғалімі Ақмарал Габдуллина Көктоғай ауылдық округіндегі Б.Нысанбаев орта мектебінде 1988 жылдан күні бүгінге дейін өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беруде нәтижелі қызмет атқарып келеді. Еске сала кетелік, тәжірибелі педагог-маман Ақмарал Габдуллинаға Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы ақпан айының 12-і күнгі Жарлығымен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы» мәртебесі берілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий