Батыс Қазақстан облысы: Төртінші тоқсанда 110 мың оқушының 29 мыңға жуығы штаттық режимде, 82 мыңнан астамы қашықтан білім алуға көшті

2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсаны басталды. Қашықтан оқыту жағдайында білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, оқытудың бірнеше форматы айқындалды. Облыс бойынша 379 мемлекеттік мектеп болса, олардың 279- штаттық және 100 аралас форматта жұмыс жасайды, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жалпы мемлекеттік мектептердергі оқушылар контингенті 110 мыңнан болса, олардың 25,4%-ы (28 мыңнан астам оқушы) штаттық режимде, ал 74,6%-ы (82 мыңнан астам оқушы) қашықтан оқытылуда. Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №9 қаулысына сәйкес, төртінші тоқсанында төмендегідей режимде оқыту қарастырылды: контингенті 300 оқушыға дейін ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай, Бөрлі, Бәйтерек аудандары мен Орал қаласының мектептерінде сыныптардағы балалар санын 15 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқыту.

Жалпы білім беретін мектептерде мектеп алды сыныптары, 1 сыныптан бастап 5 сыныпты қоса алғанда, оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай, Бөрлі, Бәйтерек аудандары мен Орал қаласының мектептерінде сыныптардағы балалар санын 15 адамнан асырмай аралас форматта оқыту; 9, 11 сыныптар үшін 15 адамнан асырмай, («1 сынып – 1 кабинет» қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимін сақтау) аптаның 6 күні ішінде пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқыту. 6, 7, 8, 10 сыныптары үшін – қашықтан оқыту форматы. 

Оқытуды ұйымдастыру келесі түрде жүзеге асырылатын болады: аралас оқыту кезіндегі оқу процесі мектептің бекітілген жұмыс оқу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады; ауысымдар және шағын ауысымдар бойынша сыныптар санын және дәстүрлі, қашықтан оқытуға  (немесе жекелеген сағаттарға) шығарылатын оқу пәндерін білім беру ұйымы жағдайына сүйене отырып дербес айқындайды; қашықтан оқытуға келесі оқу пәндерін таңдау ұсынылады: «Музыка», «Көркем еңбек», «Информатика», «Құқық негіздері», «Графика және жобалау», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» және тағы басқалар.

Сонымен қатар, облыстың  техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 1 курс студенттері санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас форматта оқытылуда. Білім алушыларының оқыту форматына өзгерістер енгізу Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің шешімі негізінде санитариялық-эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруымен негізделеді.  Білім беру ұйымдарында санитарлық эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша барлық қызметкерлер және білім алушылар арасында күнделікті таңертенгі сүзгінің жүргізілуі қажет.

Және мектепте жүріп-тұру кезіндегі «бір жақты қозғалыс» қағидасы бойынша арнайы көрсеткіштермен таңбалануы, сыныпта және оқушылардың қозғалысы кезінде қашықтықты сақтауы, қолдарын өңдеуге арналған тері антисептігі бар санитайзерлердің әр қабатта болуы, мектептің кіре берісінда аяқ киімге арналған дезинфекциялау кілемшелердің болуы, міндетті түрде желдету, ылғалды жинау, кварцтау жұмыстары, сабақ арасында үзіліс уақыттары әр түрлі сыныпта әртүрлі уақытта белгіленуі, санитариялық-эпидемологиялық талаптардың сақталуына жауапты мамандардың тағайындалуы қарастырылды.

Барлық мекемелер санитайзер, антисептикалық құрал, термометрия,  кварц шамдары, диспенсер, дезинфекциялау құралдары, ақпараттық материалдармен қамтамасыз етілді. Білім алушылардың міндетті мектеп формасын сақтауы талап етілмейді. Білім алушылардың сабақтарға ыңғайлы және ұқыпты киіммен қатысуына жол беріледі. Карантин кезінде білім сапасын көтеру мақсатында және оқушылардың бағдарламадан артта қалу деңгейін анықтау және оны теңестіру, негізгі пәндер бойынша 15 баладан аспайтын топтармен оқушыларға консультациялар өткізілуде.

Қорытынды аттестаттау және ҰБТ –ға дайындық бойынша облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп, мектеп бітірушілерге онлайн консультациялар ұйымдастырылуда. Онлайн консультацияларға облыс көлемінде М.Өтемісов атындағы БҚУ, Жәңгірхан атындағы БҚАТУ, «Үздік педагогтер», «Озат тәжірибелі педагогтер», білім орталықтарының педагогтері тартылды. Білім беру ұйымдарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталуы бақылауда болады. Сондай-ақ, 1 сәуірден білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау басталды және 1 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Бірінші сыныпқа алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды қабылданады, төмендегідей құжаттар тапсырылады: өтініш; жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы; денсаулық жағдайы туралы № 063/у нысан анықтама және 026/у-3 нысан “Бала денсаулығы паспорты”; баланың 2 данада 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi. Туындайтын сұрақтарға жедел жауап беру үшін  облыстық білім басқармасының call-орталығы 1301, 87471127407  телефондары тұрақты жұмыс істейді. Сонымен қатар барлық аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің call-орталықтары да жұмыс жасауда.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий