“Білім. Технология. Тәжірибе”: Кәсіптік білім дамуының жаңа көкжиектері

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының Білім беруді дамыту орталығының бастамасымен «Кәсіптік білім дамуының жаңа көкжиектері: Білім. Технология. Тәжірибе» атты республикалық вебинар ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы жергілікті салалық құрылымның баспасөз қызметі. 

Вебинар жұмысына облыстық білім беруді дамыту орталықтары (әдістемелік кабинет) қызметкерлері, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ААҚ жанындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ Орал қаласының филиалының қызметкері және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 250-ден аса педагогтер қатысты.

Еліміздің Алматы, Шымкент қалаларымен қоса тоғыз облыстан 136 жұмыс келіп түсті. Сарапшылар отырысының шешімімен 36 жұмыс пленарлық және секциялық отырыстарға ұсынылды. Вебинар барысында техникалық және кәсіптік білім берудегі жаңашылдықтар, білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз ету, мамандықтар бойынша кадрларды даярлаудың замануи тенденциялары, әлеуметтік серіктестіктермен қарым-қатынас, дуалды оқыту жүйесін ұйымдастырудың ерекшеліктері сараланды.

Және кәсіби бағдар беру, цифрландыру және білім беру үрдісіндегі қашықтан оқыту форматтарының ұйымдастырылуы бойынша спикерлер өз ойларымен бөлісіп, тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, өзара пікір алмасып, іс тәжірибелерімен бөлісті. Вебинар қорытындысында қатысушылардың материалдары жинаққа енгізілетін болады.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий