“Қызмет – кәсіподағы”: Балабақша қызметкерлерінің жағдайымен танысты 

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов Шымкент қаласындағы жауапкершілігі шектеулі «Ырыс-7» серіктестігінің балабақшасына барып, карантиндік режимнің санитарлық талаптарын сақтай отырып, бастауыш кәсіподақ ұйымындағы кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысты, – деп хабарлайды осы жергілікті салалық ұйымның баспасөз қызметі.

 

Балабақшада кәсіподақ ұйымы 2021 жылдың басында құрылып, оның құрамына 15 адам кәсіподақ мүшесіне кірген. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Қарымсақова Ақтолқын Амангелдіқызы. Мекеменің жұмыс берушісі мен кәсіподағы арасында 2021-2023 жылдарға арналған ұжымдық шарт жасалған және ол Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасында тіркелген.

Ұжым мүшелерінің барлығы мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие берудің мамандары. Балабақшада бүгінде 75 бала мемлекеттік білім беру стандарты мен бағдарламасына  сәйкес тәрбиеленуде. Кездесу қорытындысымен мекеме жұмыскерлерінің ішінен белсенді қызмет етіп жүрген кәсіподақ мүшелері Қарымсақова Ақтолқын Амангелдіқызы және Әріпбай Бағлан Өскембайқызы филиалдың «Алғыс хатымен» марапатталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий