Қызылорда – НЗМ: Кітап – білім көзі

Халықаралық балалар кітабы күні аясында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 7-сынып оқушыларына арналған әдеби тренинг ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

«Руханият» оқырмандар клубының ұйымдастыруымен өткен шарада өзін-өзі басқару ұйымының белсенділері келушілерге шығарма үзінділерін ұсынды. Өз кезегінде 7-сынып оқушылары шығарма мазмұнымен танысып, оның атауы мен авторын анықтады.

– Әдеби шара оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыра отырып, қазақ және әлем әдебиетіндегі туындылар жөніндегі білімдерін арттыру мақсатында ұйымдастырылды, – дейді клуб жетекшісі, педагог-куратор Ақбота Жұмабаева. Зияткерлік ойында жас өрендер өте белсенді болды. Жасырылған әдебиет туындыларын жылдам табуда ерекшеленді, әрі озық ойлы екендіктерін байқатты.

– Кітап мен үшін білім көзі. Біріншіден адами қасиеттерді дамытады және сөздік қорымызды байытады. Көбіне шын өмірде болған оқиғалар негізінде жазылған шығармаларды оқығанды жақсы көремін, – деді жылына 30-40 шығарманы оқуды дағдыға айналдырған Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушысы Арайлым Хани.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий