Алтын – жерде, білім – кітапта

“Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана”, – деген екен жазушы Әбіш Кекілбаев. Алтын – жерде, білім – кітапта. Ал кітап – өмірдің ең алыс және қараңғы жолдарында жарық беретін шам. Бір оқулық – мың адамды оқытатыны белгілі. Өмірде баланы оқуға үйрете отырып, кітап арқылы  өмірін жарқын және қызықты етесіз.  Кітабы  болмаған үй, жаны жоқ адам сияқты еді, қазіргі заманда жақсы кітап – ұяттың антологиясы екнінде дау жоқ, өкінішке орай жастарымыз кітап оқуды күнделікті әдеті емес.

Ал, кітап оқымай өмірді Ал, кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес. Біздің арнайы кәсіби білім беретін оқу орнындағы білімгерлермен және олардың ата-анасымен тығыз қарым қатынас жасап отырамыз. Білімгерлер әсіресе қазіргі кезде олар колледжге келіп оқып жатқан мерзімде түрлі іс-шаралар жүргіземіз. Биыл біз 106 топ білімгерлерімен Шелек модульдік кітапханасына саяхат жасадық. Кітапхана ұжымы білімгерлерге аса зор ықыласпен кітапхана жайлы олардың жұмысы жайлы толықтай таныстырды. Осындай кездесулер білімгерлерге ой-өрісін кеңітуге кітап оқуға құмарлықтарын оятатыны сөзсіз.

Бүгінгі білімгер ертеңгі жұмысшы мамандығын алатын тұлға, олардың осындай кездесулерден алатын әсері ертеңгі өміріне аса қажет олар. Олар өздеріне тәжірибе жинақтайды. Модульдік кітапхана ұжымымен тығыз байланыс жасаймыз өткізетін іс-шараларына белсенді қатысамыз сол себепті де олар біздің білімгерлерге қай бөлім немен айналысады жұмыстары қандай, оқу залы, сақтау бөлімі кітапханадағы кітап қоры олардың қандай салаға бөлінуі жайлы түсіндірді. Біздің білімгерлерге кітапхананың жұмысы ұнағаны сондай олар сол күні-ақ кітапхана мүшесі болды. Модульдік кітапхана мүшелері біздің білімгерлермен ашық сұхбаттасу нәтижесі олардың өздері сүйіп оқитын кітаптарын таңдауға және ол кітаптарды өздері оқып достарымен сол кітап жайлы ойларын ортаға салып еркін жеткізе білді,

Әрі жаңа шыққан кітаптар көрмесінен олар өздеріне керекті кітапты тауып оқу үшін оқу залында отырып оқиды. Қазіргі заман талабы білімгерлерді техникамен қатар кітап залында кітапханаларда кітаптың түп нұсқасын оқуға шақыру кітапханашы үшін үлкен еңбек дер едім. Әр оқырманмен жеке сөйлесіп олардың қызығушылықтарын ашып өздеріне керекті кітапты тауып беру арқылы жастардың құрметіне бөлену кітапханашының еңбегінің нәтижесі екендігі даусыз.

Осы орайда Шелек модульдік кітапхана мүшелерінің жұмысы ерекше. Менің түсінгенім оқырманның қызығушылығын ашып оның өзіне керекті кітапты алып көкейінде жүрген сұрақтарының жауабын алуы кітапханашы еңбегінің көз алдымыздағы нәтижесі екені айдан анық.

Райхан Смағұлқызы КУЛБАЕВА,
Шелек политехникалық колледжінің
кітапханашысы, Алматы облысының
Еңбекшіқазақ ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий