Білімдегі жаңа белес: Қос дипломды білім берудегі алғаш магистр түлегіміз

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Браганса Технологиялық институты (IPB, Португалия) арасындағы қосдипломды білім беру бағдарламасы келісімі аясында «Химия және химиялық технология» кафедрасының магистранты Попов Николайдың «Removal of emerging pollutants from aqueous  matrices» тақырыбында магистрлік диссертациясы қорғалғаны баршамызға мәлім, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Дулати университетінің ғылыми кеңесінде қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша алғаш түлегіміз – Попов Николай салтанатты түрде дипломын алып,  «техника және технологиялар магистрі» дәрежесіне ие болды. Магистрлік жұмыс ағынды суларды тазалау үшін қолданылатын тиімді адсорбенттерді құруға арналған.

Бұл еліміздегі және жаһандық су тапшылығы мен оны тазарту мәселелерін шешудегі маңызы зор ғылыми-зерттеу жұмысы екені сөзсіз. Дулати университеті мен IPB арасындағы қосдипломды білім беру бағдарламасының жетекшілері профессор Helder Teixeira Gomes, профессор Бакытгуль Кабыкеновна Масалимова бағдарламаның ары қарай да жалғасын тауып, ғылымға құштар жастардың еңбектері молая түсетініне сенім білдірді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий