Кәсіптік оқыту дағдылары мен тәжірибесін жақсарту үшін “WORLDSKILLS” чемпионатының жаңа мүмкіндіктері

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Жас маман» жобасы жүзеге асырылуда. Мақсаты: «Жас маман» жобасы шеңберінде колледждің материалдық-техникалық базасыны халықаралық талаптарға сәйкес жабдықтау, сұранысқа ие мамандықтарды жаңғырту және білікті мамандарды даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу арқылы республикалық және Халықаралық «World Skills-2020» чемпионаттарына студенттерді дайындау барысында шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын қолдау, жұмыс дағдысы мен тәсілдерін жаңғырту.

Талдықорған жоғары политехникалық колледжі 2020 жылы республика бойынша кадрларды дайындауда үздіктер қатарынан танылып, «Жас Маман» жобасына ІТ, құрылыс және комуналдық шаруашылық саласы бойынша енді. Бұл оқу орны үшін материалдық-техникалық базаны халықаралық талаптарға сәйкес келтірудің бірегей мүмкіндігі. «Жас маман» жоба шеңберінде Талдықорған жоғары политехникалық колледжі негізгі 7 бағытты жүзеге асыруды жоспарлауда: құзіретті бағалау орталығы; Worldskills оқу-жаттығу жиыны; стартап жобаларды әзірлеу; халықаралық салалық аккредиттеу; ірі кәсіпорындармен тығыз байланыс; жұмыссыз халықты оқыту және қайта даярлау; үздіксіз білім берудің экожүйесін құру.

Колледждерді жаңғыртуға арналған жабдықтардың тізімі жергілікті атқарушы органдар мен колледждердің ұсыныстарына, жұмыс берушілердің талаптары мен WorldSkills стандарт­тар­ына сәйкес жасалды.  «Жас маман» жобасын жүзеге асыру нәтижесінде Талдықорған жоғары политехникалық колледжі ІТ-технологиялар мен құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мамандарды даярлауға қажетті заманауи құрылғылармен жабдықталды. Бұл құрылғылар Еуропалық сапа кепілдігін бағалау жүйесіне (EQAVET) толығымен сәйкес келеді, ол әрі қарай халықаралық салалық аккредиттеуден өтуге негіз болады.

Бұдан басқа, “желілік және жүйелік әкімшілендіру”, “Графикалық дизайн”, “Бизнеске арналған IT-шешімдер”, “Web-дизайн және әзірлеу”, “3D Модельдеу және прототиптеу”, “Ақпараттық кабельдік желілер”, “Тас қалау”, “Сырлау және сәндік жұмыстар”, “Тақтайшалармен қаптау”, “Бетон жұмыстары”, “Ағаш ұста ісі”, “Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары”, ” Инженерлік графика CAD” құзыреттіліктері бойынша World Skills жаттығу лагері құрылды.

Бұл бізге әртүрлі деңгейдегі World Skills чемпионаттарына қатысушыларды дайындауға және сертификаттауға мүмкіндік беріп отыр. Жаттығу лагерінің жұмысының нәтижесінде колледжіміздің студенттері аймақтық World Skills 2020 чемпионатында жүлделі орындарға ие болды. Жабдықтарды өндіріс бағытында пайдалану бизнес-инкубатордың дамуына әкеледі, оның негізінде ақпараттық технологиялар саласында өзекті стартап жобаларды құруға болады. Сондай-ақ білімгерлердің өндірістік оқыту арқылы келесі бағыттар бойынша: баспа технологиялары, пластикалық бұйымдарды жасау, сплитерлік блоктарды, кеспе тастарды, жиектерді өндіру, сандық бағдарламалық басқару (СББ) станоктарында ағаштан бұйымдар жасау – бизнес дағдыларын қалыптастыруда.

Бұдан басқа, баспа технологиялары, желілік әкімшілендіру, дизайн және модельдеу саласында мамандарды даярлау және қайта даярлау орталығы құрылатын болады. Халықты жұмыспен қамту орталықтарымен байланыс орнатылып, республика бойынша азаматтарды қысқа мерзімді курстармен қамтамасыз етіп оқыту жүзеге асырылуда. Жоба аясында сатып алынған жабдықтардың барлығы халықаралық  стандарттарға сәйкес жасалған және аталған мамандықтар бойынша құзыреттілік орталығы болуға мүмкіндік беріп, білім берудің экожүйесін құруға, өндіріс орындарын тікелей байланыс орната отырып, бизнес орта құруға бірден бір мүмкіндік болып табылады.

Ерқат Биғалиұлы МҰҚАЖАНОВ,
Талдықорған жоғары политехникалық
колледжінің директоры, физика-матаматика
ғылымдарының кандидаты, Алматы облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий