Silkway халықаралық университеті: “Жас зерттеушілердің Жібек жолын нығайту” (ЮНЕСКО) грантына жоба ұсынылды
Еуразия құрлығы өркениетінің қалыптасуы мен адамзат дамуының негізгі алғышарттарын қалыптастыруда Жібек жолының алатын орны ерекше. Шығыс Азия мен Шығыс Еуропа, Солтүстік-шығыс Африка мен Оңтүстік Еуропа секілді кең аймақты қамтыған, теңіз және құрлық жолдар арқылы білім мен идеяларды, мәдениеттер мен нанымдарды, халықтардың тарихы мен мұрасын байланыстырған Ұлы Жібек жолы әлеуеті мен үлесі, сауда-саттықтан гөрі басым.
Қоғам арасында адамдардың тұрақты орын ауыстыруы, ғылым, өнер, әдебиет, сондай-ақ әртүрлі қолөнер мен технологиялар осы маршрут бойында кеңінен таралды. Нәижесінде ұлттар мен этностар арасында бір-бірімен мәдениаралық, діни және тілдік қарым-қатынас пайда болды. 1945 жылы Париж қаласында құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО), 1988 жылдан бастап Жібек жолының бай тарихы мен халықтың мәдениетаралық мұрасын терең зерттеуге және тарихи байланыстарды жандандыруға ұмтылады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйым «Жас зерттеушілердің Жібек жолын нығайту» атты 35 жасқа дейінгі жас зерттеушілер мен аспиранттарға арналған грантына жыл сайын байқау жарияланады. ЮНЕСКО шешімімен Жібек жолының жалпы мұрасын зерттеуге жалпы сомасы $10,000 АҚШ доллары болатын 12 грант бөлінеді. Жібек жолы гранты өңірлік және халықаралық ынтымақтастық пен орнықты бейбітшілік және даму тұрғысынан қазіргі қоғамның нақты мәселелерін қозғайтын жоба болып табылады.
Жібек жолын нығайтудың негізгі гранттық бағыттарына: ғылым және технологиялар, дәстүрлі ноу-хау және қолөнер, Дін және руханият, тілі мен әдебиеті, өнер және музыка, дәстүрлі ойындар мен спорт түрлері жатады. Осы орайда, Silkway Халықаралық университетінен «Жас зерттеушілердің Жібек жолын нығайту» байқауына «Химия және биология» кафедрасының 212-91 тобының студенттері Урзымбаева Рахила мен Атабекова Мухлиса өз өтінімдерін ғылым мен технология бағыты бойынша берді.
Жас зерттеушілеріміз Қазақстан аумағының оңтүстігінде тарлаған диірмене-жусан өсімдігінің таралуы мен фитоцинологиялық ерекшеліктерін және Түркістан облысы ескі көне қалашықтардың маңынан табиғи өсімдіктер мен пайдалы шөптерден жинап жасалған эфир майы мен дәрі-дәрмек жасаудың мүмкіндіктерін зерттеген. Жас зерттеушілеріміздің берген жобалары жаңашылдығы мен тиімділігі бойынша өзекті және мазмұнды. Жас зерттеушілеріміздің жобаларын әрі қарай дамыту мен табысты болуын Silkway Халықаралық университетінің басшылығы әрқашан қолдайды.
Нурғали Надырұлы ЖАНИКУЛОВ,
Silkway халықаралық университетіндегі
жас ғалымдар және СҒЗЖ ғылыми
зерттеулерді ұйымдастыру бөлімінің басшысы, PhD